Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
305
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
378
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
224
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1101
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
543
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Сапасыз сырттандар

14 нояб. 2016, 18:30 | 2170
Балапанды күзде санайды деген сөз бар. Біріншілік аяқталып, жүлдегерлер анықталды. Енді қорытынды шығарар кез жетті. Бұл жолы әңгіменің басын чемпионаттағы сәтсіз трансферлер мен сырттан келген келімсектер жайында қозғасақ.

Біріншілігімізге келген кез-келген легионер отандық ойыншылардан деңгейі бір бас жоғары тұруы тиіс деп жатамыз. Оларға жергілікті ойыншылардан көбірек жалақы төленеді. Бірақ, сол ойыншылар лайықты қызмет қылды ма? Алдымен «Астанадан» бастасақ.

Бесарт Абдурахими (Македония) - "Астана"

Македония құрамасының ойыншысы Бесарт Абдурахими командаға келісімен оның ұлттық құрама сапындағы керемет ойындарын тамашалап шықтық. Соңғы минуттарда гол соғып, командасына жеңіс сыйлаған шақтары да аз емес еді. Станимир Стойлов бұл ойыншыны Бауржан Джолчиевтың орнына алғандай көрінді. Алайда, Бесарт бар болғаны төрт қана ойында алаңға шықты. Бұл елордалық ұжымның биылғы маусымдағы ең сәтсіз трансфері.

Сито Риера (Испания) - "Қайрат"

«Қайрат» командасында өткен жылдан қалған ойыншылар көп болды. Исаэль, Гоу секілділердің барлығы биылғы маусымды да тамаша өткізді. Бірақ, сол өткен жылдан қалған Риера биыл екі матчта алаңға шықты. Одан кейін командамен қош айтысып кетіп қалды. Бұл әрине трансферлік жағдай емес. Алматылық ұжымның легионерлерге берілген лимитті дұрыс пайдаланғысы келгенінен шыққан жағдай болуы ықтимал.

Милош Трифунович (Сербия) - "Ордабасы"

«Ордабасы» командасы алғашқы айналымнан кейін шет елдік легионерлер алып, күшейіп алғысы келді. Бірақ, олардың алған шабуылшысы Милош Трифунович біріншілікте биыл төрт матч қана өткізді. Кезінде «Атырау» сапында жарқылдаған сербиялық футболшы Бақтияр Байсеитов командасына не үшін келгенін өзі де түсінбеді. Тек жалақы алу үшін шығар, бәлкім.

Александр Алхазов (Ресей) - "Оқжетпес"

«Оқжетпеске» ауысқан ресейлік танымал ойыншы Александр Алхазов та алаңға төрт рет кіріпті. Ресейден аттай қалап алдыртқан аяқдопшының не үшін көкшетаулық клубқа ауысқаны енді белгілі болған секілді. Жалпы, Алхазов келген кезде спорттық директор Рустам Раджабовтың өзі мәлімдеді ғой. Алхазов әзірге спорттық бабын жинаған жоқ деп. Спорттық бабын сырттанымыз сол күйі таба алмай кетті.

Неманья Николич (Черногория) - "Ақтөбе"

Бес рет алаңға алмасып кірген Неманья Николич Қазақстан Премьер-лигасында 80 минуттай ойын өткізді. Сол үшін ол «Ақтөбе» командасынан айына 1 млн теңге көлемінде жалақы алып келді. Қайран, қазақтың қаржысы-ай дегеннен басқа сөз жоқ. 

Филип Серечин (Словакия) - "Шахтер"

«Шахтер» сапында болған бұл футболшыны Қазақстанда жанкүйерлер мүлде білмеуі мүмкін. Алайда, қарағандылық команда үшін алаңда ол үш ойын өткізді. Бұл ойыншының да бапкер мен спорттық директор арасындағы жымысқы әрекеттердің арқасында пайда болғаны түсінікті.

Йован Голич (Сербия) - "Тараз"

Жалпы алғанда «Таразға» келген легионерлер жастарға тәжірибиелерін бөлісуі тиіс еді. Өткен жылғы ойыншылар құрамынан қалған Йован Голич екі ойын өткізіп отанына қайтты. Бапкер ауысса, легионерлер де ауысатын заман болды. 

Срдян Остоич (Сербия) - "Ақжайық"

«Ақжайық» үшін бес ойын ойнаған бұл футболшыны командаға кім шақырды екен. Екі ай бойы Түркияда оқу-жаттығу жиындары кезінде бұл футболшы бапкерлер көзіне қалай түсті? Қақпашыны шет елден алдырту бұл біздің футбол үшін тіпті ұят нәрсе.

Филип Рудик (Белорусь) - "Жетісу"

Жалпы, Белоруссиядан футболист шақырту бұл ақылға сыймайтын нәрсе ғой. Белорусь құрамасының деңгейі Қазақстанмен бір. Чемпионы БАТЭ «Астанадан» жеңіліп жүр. Ішкі чемпионатының деңгейі біздікінен төмен. Ал, Рудик болса «Жетісуда» жеті ойын өткізіп, тайып тұрыпты.

«Тобыл мен «Атырау» легионерлері барлығы дерлік 20 ойыннан көп матч өткізген. Барлығының өзіндік үлес салмағы бар. Алайда, бұл командалар биыл екінші алтылыққа түсіп қалды.

Қазақстан Премьер-лигасының клубтары келесі жылы осындай сапасы жоқ легионерлермен қаржы бөліскенді қойса деген тілек бар. Облыстық бюджеттің қаржысын дәл осылай игеру келер маусымда азайса деген жанашуымыз ғой.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх