Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
306
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
380
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
226
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1102
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
544
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Жетісу" жайлы немесе Құлшынбаевтың командасы неге құрдымға кетті?

07 нояб. 2016, 17:50 | 2352
Футболдан ХХV ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Осы орайда KazFootball.kz порталы назарларыңызға ішкі чемпионатта өнер көрсеткен командаларға шолуды ұсынады. Бірінші шолуымызды біз Бірінші лигаға түсіп қалған талдықорғандық «Жетісудан» бастауды жөн санап отырмыз.

Шыны керек, биылғы маусымда жанкүйерлер «Жетісудан» көп үміт күткен еді. Бірақ, Алмас Құлшынбаев жаттықтыратын ұжым жанкүйерлерін жерге қаратты десек, артық айтқандығымыз емес. Чемпионаттың 30-шы турына дейін турнир кестесінің оныншы орнында тұрған талдықорғандықтарды Премьер-лигада ойнау құқығынан айырылып қалады деп көпшілік ойлаған жоқ еді. Тіпті, соңғы турда да «Жетісудың» Премьер-лигада орнын сақтап қалатын мүмкіндігі бар еді. Әйткенмен, 32-ші турда команда өз алаңында өздерінің басты қарсыластары — «Ақжайықтан» айласын асыра алмай, Бірінші лигаға топ ете қалды.

Биылғы маусымда «Жетісудің» жарытып ойнамауының себебі неде? Бұл сауалды қазір талдықорғандық команданың барлық жанкүйерлері қойып, ойжотадан өткізіп жатқан шығар. Біз де осы сұрақтың жауабын қарастырып көрейік.

2016 жылғы маусымдағы команданың бірінші проблемасы — анық бір лидердің болмауы. Бірінші айналымда команданы өрге сүйреп, ұпай алып беріп жүрген Душан Савич пен Бауыржан Тұрысбек секілді футболшылар қолайлы ұсыныс түсе салысымен заттарын жинап, Талдықорғаннан тайып тұрса, Боти Демель, Марко Симоновски, Филип Рудик, Гьорги Мойсов сынды ойыншыларды клуб басшылары қуып жіберді.

Ал, олардың орнына Деян Джерманович, Артем Касьянов, Нарек Бегларян, Мамаду Вага, Тоқтар Жаңғылышбай, Рамир Хасанов келген еді. Шыны керек, бұл футболшылар ұжымға кереметтей көмектесе алмады.

Кейбір ойындардарда Джерманович матчтың үздік ойыншысы атанғаны болмаса, жалпы алғанда жарытып ойнай алмады. Командаға жазда қосылған Касьянов шау тартып қалыпты. Алаң ортасында ойқастап ойнай алмады. Шет елдік миллионер-легионерлерге қарағанда «Жетісу» сапында жергілікті футболшылардың ойынына көңіл толды. Мысалы, Илья Калинин. Жартылай қорғаушы биыл ел біріншілігіндегі еш ойынды қалдырмай, түгел 32 ойынға қатысты. Ілияс Әмірсейітов пен Серік Сағындықовты да мақтап кетуге болатын шығар. Бұл ойыншылар да биыл командасының 80 пайыз ойындарына қатысты.

«Жетісудің» екінші мәселесін бапкермен байланыстыруға болады. Маусым басында күтпеген жерден бұл міндет отандық маман Алмас Құлшынбаевқа тапсырылған еді. Бірақ, сенім ақталмады. Әйтпесе, Құлшынбаевтың ортаңқол ұжым құратын уақыты да жеткілікті еді. Команданы маусымның алғашқы жиындарына алып барып, толыққанды оқу-жаттығу процессін өткізді. Әйтсе де, бұған дейін Премьер-лигада өнер көрсететін команданы жаттықтыру тәжірибиесі болмағандықтан ба, әлде бізге белгісіз басқа себептерге байланысты ма, сенім үдесінен шыға алмады.

«Жетісудың» жығылуының тағы бір себебі — құрамада жоғары деңгейлі ойыншылардың аздығы. Лидерлердің емес, Премьер-лигаға дайын ойыншылардың болмауы. Бұл мәселені бас бапкер де талай қозғаған еді. Маусым басында команда қосалқы құрамнан ойынды күшейтетін футболшылар қатарын көбейте алмады. Осыған байланысты кей ойындарда Алмас Құлшынбаев дубльде доп теуіп жүрген жастарды шақыртуға мәжбүр болды. Ал, олардың көбісі піспеген, Премьер-лигаға дайын емес ойыншылар еді.

Жалпы, бір сыпыра шолғанда «Жетісудің» басты қиындықтары осы болды деуге болады. Бірақ, командада одан басқа да түйіткілді мәселелер болуы мүмкін. Ол туралы мәліметтер бізде көп емес.

Сандар сөйлейді

Құрғақ сөзбен дәлел айта бергенше, дәлел де келтіріп көрейік. Сандарды сөйлетейік. Сандардың өзі «Жетісудің» көрсеткіші нашар екенін көрсетіп тұр. Мысалы, «Жетісуда» аутсайдерлерге тән тұрақтылық жоқ. Әдетте, аутсайдер командалар ұпайды өз алаңында, деңгейлес командалармен болған ойында алып жатады емес пе?! «Жетісуға» бұл үрдіс жат.

Өткен маусымда өз алаңдарында өткізген 16 кездесуде команда 5 ойында ғана жеңіске жетсе, 4 ойында тең, 7 ойында жеңілген. Осы матчтарда 18 ғана гол соққан. Сырт алаңдағы көрсеткіш тіпті төмен. Түзде өткізген 16 кездесуде «Жетісу» 3 тең, 3 жеңіске жетсе, 10 мәрте тізе бүккен. Қонақта 19 гол салған.

Ұпайдың көп бөлігін команда бірінші айналымда алған. Ал, екінші айналымда тек 2 жеңіс, 3 тең нәтижеге қол жеткізген. Бұл да команданың Бірінші лигаға түсіп қалуының басты себептерінің бірі.

Ұпайды күреп алмаса да, «Жетісу» ойыншылары тәртіпті бұзу жағынан төртікті түйіндеп тұр. Жалпы, 4 қызыл, 64 сары қағаз алған.

Қызыл қағаз — В.Боровский, Т.Жангылышбай, М.Вага, Н.Бегларян.

Сары қағаз — 9 - М.Кляйн, 8 - С.Сағындыков, 5 – І.Әмірсейтов, 4 - Д.-Б.Кадио, А.Касьянов, 3 - Г.Мойсов, Б.Тұрысбек, М.Симоновски, Д.Савич, Т.Әділханов, М.Джалович, Т.Жаңғылышбай, 2 - Б.Демель, Ф.Рудик, В.Боровский, Н.Бегларян, А.Шабаев, И.Калинин, 1 - А.Шабанов, А.Пасеченко, М.Азовский.

Доп айырмашылығы бойынша «Жетісу» тек «Ақжайықтың» алдын орады. Команда қарсыластар қақпасына 37 гол соқса (10 голды Душан Савич соққан), өз қақпаларына 53 доп жіберген. Көрсеткіш – 16-ға тең келеді.

Жетісу сапында ойнаған футболшылар мен олардың көсерткіштері — И.Калинин - 32 (1), М.Кляйн - 30 (1), І. Әмірсейітов - 29 (1), М.Джалович - 28 (2), С.Сағындыков - 23, Д.-Б.Кадио - 21 (2), А.Шабаев - 21, Д.Савич - 19 (10/1), А.Шабанов - 19 (-33/2), М.Азовский - 18 (1), В.Боровский - 17 (3), М.Симоновски - 17 (3), А.Касьянов - 17 (2), Б.Тұрысбек - 17 (2), Т.Әділханов - 16, Г.Мойсов - 14, А.Пасеченко - 13 (-20/2), М.Ваге - 13, Д.Джерманович - 12 (5), Т.Жаңғылышбай - 12 (2), Б.Шаихов - 12, Н.Бегларян - 11 (2), Д.Мыңбаев - 7, Ф.Рудик - 7, Б.Демель - 5, М.Харун-Заде - 5, А.Балғабаев - 2, Р.Барзукаев - 1, Д.Нұржұмаев - 1. 

Сыбыс

Ел біріншілігі аяқталғаннан кейін алып-қашпа әңгіменің де көбейетіні анық. Солардың бірі – «Жетісу» құраманың 80 пайыз өзгеруі. Иә, Бірінші лигада команда жергілікті футболшыларға сенім артады. Қыруар ақша алатын легионерлер түгел дерлік кетеді. Тазалау жұмыстары қазірдің өзінде басталып кетті. Бірінші болып бапкер Алмас Құлшынбаев кетсе, артынша клубтың директоры Иван Азовский жұмыс орнын босатты. Ендігі кезек легионерлерде. Қазір келісім-шарттары аяқталған шет елдік футболшылардың барлығы үйді-үйіне кеткен. Ал, келісім-шарты бар футболшылардың (олар санаулы ғана) мәселесі жуық арада шешіледі.

Айтпақшы

Айтпақшы, ұзынқұлақтың мәліметі бойынша «Жетісу» Премьер-лигада қалуы мүмкін. Егер, федерация басшылары Премьер-лигада өнер көрсететін командалар санын 14-ке дейін көбейтсе. Қазір осындай сыбыс бар. Бірақ, оның қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх