Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
832
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2762
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
901
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
823
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
598
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Мешін жылы. Кімнің аты озды, кімнің "тоны тозды"? І-бөлім

29 нояб. 2016, 21:32 | 2083
Елімізде және бір футбол маусымы мәресіне жетті. Бұл жыл да футбол тарихына өз өзгешелігімен, ерекшелігімен енетіні сөзсіз. Қазақ футболы үшін биылғы маусымның көңіл қуантар кереметі де, өзекті өртер өкініші де көп болды. Енді осы жылы жұлдызы жанған футболшылар мен бағы келіспей өз биігін аласартып алған аяқдопшылардың тізімін жасап көрейік.

Уақыт өткен сайын қарқынына қарқын қосып, жыл өткен сайын деңгейін жоғарылатып келе жатқан ойыншыларды көрсек қуанып, қол шапалақтаймыз. Ал, керісінше алға аттаған адымы кейін тартып, жеткен жетістігін жоғалтып алған футболшыларымызды көргенде өкініштен "аһ" ұрамыз. Олардың білгенінен жаңылуына түрлі себептер әсер етеді. Кейбірін жарақат мазаласа, кейбірінің жасы ұлғайып, еркін көсілуіне кесе-көлденең болады. Тіптен, өкіншітісі, жазық жерде сүрініп өз-өзіне ор қазатын ойыншылар да кездесіп жатады. Бүгінгі санымызда осы себептерден бұрынғысына қарағанда нашар өнер көрсетіп жүрген футболшыларды атаймыз.

Бауыржан Джолчиев

Қазақ футболының биылғы ең үлкен жоғалтуы осы Джолчиев шығар. "Астана" командасы мен Ұлттық құраманың белді ойыншысы, болашағынан зор үміт күттіретін Бауыржанды биыл жасыл алаң түгіл, футболдың маңынан кездестіре алмайсыз. Былтыр Бауыржанның бағы жанған жыл болды. "Астана" сапында жасындай жарқылдап, керемет ойындарымен көзге түсті. Қазақстан чемпионатының тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды. Чемпиондар лигасының іріктеу кезңінде "Астанаға" көмегі ең көп тиген футболшылардың бірі осы - Бауыржан. Астаналықтардың алғашқы голын да осы жігіт соқты. "Марибор" командасына қарсы кездесуде. Плей-офф кезеңінде АПОЭЛ қорғаушыларының қорқынышты түсіне айналған болатын. "Астана-Аренада" соғылған жалғыз голды өз еншісіне жазған ол, Кипрде Максимовичке голдық пас шығарған еді. "Астана" командасымен бірге Қазақстан чемпионатын ұтып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған Бауыржан бірнеше клубтың көз құртына айналған еді. Тіпті, оны Германия чемпонатына барады екен, Голландия біріншілігінен ұсыныстар түсіпті деген қауесеттер желдей ескен. Біздің ойыншының бүгінгі күніне осы жел сөздер де себеп болған шығар. Маусым аяқтала сала "Астанаға" қош айтқан ол, әлі күнге командасыз жүр. Бар-жоғы 25 жасында футболмен қоштаса ма, білмейміз?!

Таңат Нөсербаев

"Астаналық" тағы бір шабуылшы Таңаттың да қарқыны баяу биыл. Бұрындары Шымкенттің Таңатын ‒ "Астананың" қанаты деп білетін едік. "Астанада" доп тепкен бес жылдың ішінде үш мәрте команданың үздік сұрмергені атанған. Ол тіпті команда тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы саналады (41 гол). Өткен төрт-бес жыл көлемінде чемпионаттың үздік сұрмергені атағына легионерлермен қатар тұрып таласа алатын жалғыз шабуылшымыз да осы - Таңат болатын. Өкініштісі, соңғы кездері жиі жарақат мазалап жүр. Бұрынғы деңгейін жоғалтып та алды. Оның үстіне "Астана" командасының бас бапкері Станимир Стойлов да Таңатқа келгенде тым қатал. Елордалық команданы өрге сүйреп жүрген білікті бапкер Таңатқа тым сеніп кетпейтін секілді. Олай дейтініміз, былтыр Таңат Нөсербаев Премьер-лигада 11 гол соқты. 11 голы да өте маңызды голдар, 1:0 есебімен жеңген ойындарда жалғыз голды; 2:1 есебімен ұтқан кездесулерде жеңіс голын осы Таңат соғып отырған. Бірақ, команда үшін осыншалық маңызды ойыншыға Стойлов бапкер Чемпиондар лигасында сенім арта қойған жоқ. Капитан көбінде қосалқы құрамда қалып жүрді. Сол үрдіс биыл да жалғасын тауып келеді, Таңат маңызды ойындарда командасына көмектесе алмауда. Біз онсызда шабуылшы аз Ұлттық құрамамыздағы гол соғудың қыр-сырын ең жақсы білетін ойыншымыздан көз жазып қалғымыз келмейді. Оның ертерек бұрынғы бабын табуын тілейміз.

Самат Смақов

Қазақ футболының ардагері биыл 38 жасқа толады. Еліміздегі ең даңқты футболшы саналатын Самат қазақ футболы үшін көп тер төкті. Футболшылық мансабын ХХ ғасырдың соңында бастаған Смақов Қазақстан чемпионатында алты бірдей команданың жейдесінде өнер көрсетті. Ұлттық құрама сапында ең көп кездесу өткізген футболшы болып табылады. 2000 жылдан бастап бүгінге дейін 75 ойында еліміздің намысын қорғаған екен. 2004 жылдың 17-ші қарашасында Афина қаласында Греция құрамасына қарсы кездесуде алғаш рет капитан ретінде команданы алаңға бастап шыққан. Мирослав Беранек кезінде бір-екі жыл ұлттық құрамадан қол үзіп қалғанымен, осы күнге дейін бас командамыздың нағыз капитаны, көшбасшысы ретінде танылып келді. Сол Самат Смақовтың биыл сәл шау тартып қалғаны сезіле бастады. Ұлттық құрама сапында барлық жолдастық кездесулерге қатысқанымен, бұрынғыдай ширақ емес екені байқалды. Содан да болар бапкерлер оны Польшаға қарсы маңызды кездесуде алаңға шығара қойған жоқ. Кейін Румыниямен болған кездесуде команданы капитан ретінде қайтадан алаңға бастап шықты. Осы ойыннан кейін өзінің ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын да жариялап үлгерді. Маусым соңына қарай, Азат Нұрғалиевтен айырылып, көшбасшысыз қалған "Ордабасы" командасына қосылды. Өткен маусымда "Ертістің" ең белді ойыншысы саналған Самат биыл өз биігінен көріне алмады. Футболшы үшін 38 жас деген аз жас емес, оның үстіне жарақаты да мазалап жүр. Мүмкін, жасыл алаңға қош айтатын мезгілі де жақындаған шығар.

Андрей Финонченко

Дәл Самат Смақов секілді жасы да ұлғайып, денсаулығы да сыр бере бастаған футболшылардың бірі осы Қарағандының "қара нары" Андрей. Бар өмірін "Шахтерге" арнап, 300 реттен астам алаңға шығып, 100 ден асырып гол соққан қазақ футболының тағы бір тірі аңызының жағдайы мәз емес биыл. Жарақаты жиі мазалап, алаңсыз өнер көрсетуіне мүмкіндік бермей жүр. Премьер-лигада бар болғаны он неше ойынға ғана қатысты. Оның өзінде екінші таймда шығып жүрді. Бар болғаны екі гол соғып көзге түсті.

Осы екі ардагер ойыншы секілді қазақ футболына еңбегі сіңген Нұрбол Жұмасқалиев, Қайрат Нұрдәулетов, Әлібек Бөлешев, Қайрат Әшірбеков сынды саңлақтар да биыл еркін көсіле алмауда. Бірінің денсаулығы жар бермесе, бірі жасының ұлғайуына байланысты командадағы күшті бәсекелестікке төтеп бере алмауда.

Ермек Қуантаев

Владимир Вайсс кезінде "Қайрат" командасының оң қапталдағы қорғанысы ең сенімді болатын. Вайсс бапкер өз қолымен тәрбиелеп шығарған Ермек Қуантаев оң қапталда қорғанысқа да, шабуылға да үлгеріп, қос жүзді алмас қылыштай жарқылдаған. Ермек демалғанда Исламбек Қуат қорғайтын оң қапталдың қорғанысынан “Қайрат” жанкүйерлері еш қауып ойламайтын ол кезде. Өкініштісі, биыл дәл осы оң қанат "Қайраттың" әлсіз тұсына айналды. Ермектің жарақат алып қатардан шығып қалуымен оң қаптал "иен" қалды. Алматылық клубтың Еуропа лигасына іріктеуден өтпей қалуын осы оң қанаттағы қорғаушы мен орталық қорғаушының жоқтығынан көруге болады. Ермекті жарақаты бір мазаласа, жаңа бапкер Кахабер Цхададзенің сеніміне кіре алмауы екі мазалады. Сонымен "Қайраттың" да, Ұлттық құраманың да оң қанаттағы тізгінін ешкімге ұстатпайды деп сенген қорғаушымыз биылғы жылды сәтсіз аяқтау алдында. Ермектің келесі жылы өз бабына енуін асыға күтеміз.

Ұлан Қонысбаев

Ұлан Қонысбаев та Қазақстан ұлттық құрамасының белді ойыншысы болатын. Еліміздің ең белді деген клубтарының көбінде доп теуіп көрген. Биыл "Атырау" сапына қосылған еді. Өкіншітісі, 7 маусым Қытай Ұлттық құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алып, биылдыққа алаңға шығу мүмкіндігінен айырылды. Қазақтың өте талантты футболшысының қатарға ертерек қосылуын тілейміз.

Бір кездері осы Ұланмен егіздің сыңарындай көрінетін Жамбыл Көкеев де көрінбей кетті. 2012/2013 жылдары "Шахтер" сапында Ұлан екеуі ерекше көзге түсетін. Былтырлары оның жарақаты бар екенін білсек те бір күні алаңға оралар деп күтіп жүретінбіз. Сөйткен Жамбыл биыл бір жола кәсіби футболдан кеткендей көрінді. Премьер-лигада еш команданың тізімінде жоқ. Жақында қалалық лигалардың бірінде доп теуіп жүр екен деген хабар тарады. Шын-өтірігі әзірге беймәлім. Оның жасыл алаңға қайта оралар-оралмасы да белгісіз.

Аслан Дарабаев

Аслан да ерекше талантымен көзге түсетін ойыншылардың бірі болатын. Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап да жүрді. Оның жұлдызы әсіресе 2014 жылы жанды. "Қайрат" командасына келе сала жиі гол соғып көзге түсті. Сол голдарының көбін қосалқы құрамнан ойынға қосылып соғып жүрді. Осы ерекшелігімен ол әлем футболын жақсы білетін жанкүйерлердің есіне Германиялық Марио Гетцені немесе Мексикалық Хавьер Эрнандесті түсіретін. Сол жылы 8 гол соғып көзге түскен. Бұл көрсеткіш бойынша ол “Қайрат” футболшыларының ішінде Жерар Гоуға ғана жол беріп алған еді. Өкініштісі, ол келер жылы осы жетістігін қайталай алған жоқ. Деседе, Вайсс оны алаңға жиі шығарып тұратын. Биыл жаңа бапкердің келуімен Аслан бір жолата қосалқы құрам орындығында отырып қалды. "Қайрат" сапында ойнау қиын болса басқа командаларға ауысып, бақ сынап көргені де теріс болмас еді оған.

Дәл осы Аслан секілді ешқандай жарақаттары болмаса да, өз ойындарын жоғалтып алған бірқанша жас футболшылар бар. Бір кездері жарқ етіп көрінген бір топ жас ойыншы тас шайнайтын шақтарында қосалқы құрамның қатарын толықтырып жүр бүгінде. Олардың қатарына Бауыржан Байтананы (Тараз), Бауыржан Шерханды (Тараз), Тоқтар Жаңғылышбайды (Жетісу), Мирас Түлиевті (Оқжетпес), Абылайхан Тотайды (Ақтөбе), Виталий Лиді (Ертіс) қосуға болады. Таланттарының жетпегені ме, әлде баптары келіспей, бақтары шаппай жүрме, әйтеуір осы жігіттердің жүрісі мандымай қойды. Алдағы уақыттарда осы жастардан да жігер күтейік.

Қуаныш ҚАППАС

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх