Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
304
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
377
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
223
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1100
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
541
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Тараз" толық тоқырауға ұшыраған жыл

09 нояб. 2016, 08:00 | 1674
Футболдан XXV Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен командаларға шолуды жалғастырамыз. Кезек әулиеаталық «Таразда». Биыл жамбылдықтар үшін маусым сәтсіз өтіп, жанкүйерлерін жерге қаратты.

«Тараздың» жағдайы маусым басында-ақ белгілі болған еді. Команда басшылары ұжымның тізгінін бірінші айналымда жергілікті маман Нұрмат Мырзабаевқа тапсырды. Бірақ, бюджет әсер етті, әйтеуір бұл маман тіпті ортаңқол команда да жинай алмады. Көрпесіне қарап көсіліп, қол астына кіл егде футболшыларды жинады. Шау тартқан футболшылар командаға керемет көмектесе алмады. Бұл жерде біз тек маусымды жоғары деңгейде өткізген Малик Манеге ғана сын айта алмаймыз. Ал, Тарас Данилюк, ағайынды Евстигнеевтер, Душан Джокич сынды серілерге қарағанда, жергілікті аяқдопшылар мың есе артық ойнады.

Команданың 80 пайызын жас футболшылардан құраған ұжымнан шынында үлкен жетістік күтпеген де едік. Әйтсе де, «Тараз» турнирді сәтті бастады. Бірінші турда қарымды «Қайраттың» қарқынын басса, екінші ойында «Ақтөбе» аяқдопшыларымен тең түсті. Алайда, осы екі ойыннан кейін 15-тур бойы жеңістің не екенін де ұмытып қалды. Командадағы қаржылық проблемалар шешілмей, клуб Нұрмат Мырзабаевты қызметінен босатты.

Оның орнына әулиеаталық клубтың басшылары аттай қалап украиналық маман Юрий Максимовты алдырды. Максимовпен бірге клубқа Кирил Короткевич, Антон Григорьев, Александр Киров, Давронжан Эргашов, Александр Алиев, Андрей Яковлев, Александр Пищур, Дәуренбек Тәжімбетов секілді «мықтылар» келді.

Жаздағы маусым аралық трансфер уақытында «Тараздағы» алғашқы шу да болды. Команда ешкімге, ешқандай түсінік бермей тәп-тәуір ойын жүрген Бауыржаны Байтананы қосалқы құрамға жіберіп, Марат Шахметовты «Ақжайыққа» жіберді. Бірінші айналымда бұл екі футболшы команданың негізі футболшылары еді. Осыдан кейін команда ішіндегі атмосфера бұзыла бастады. Бұл екі ойыншыдан бөлек жазда клуб қатарынан Душан Джокич, Берік Айтбаев кетсе, Йован Голич, Олег Недашковский және Игроь Зеньковичтар ауыр жарақат алды.

Шыны керек, Максимов пен жаңа ойыншылардың келуімен «Тараздың» тасы өрген домалайды деген ой да болып еді. Бірақ, тағы да қателесіппіз.

Екінші айналымда жамбылдықтар 16 кездесудің тек 7-де жеңіске жетсе, 1 ғана ойында тең ойнап, 8 кездесуде жеңіліп қалды. Бір айта кетерлігі, «Тараз» клубында аутсайдерлерге тән тұрақтылық бар еді. Команда өз алаңында өткізген 8 кездесуде жеңіске жетіп, жалпы жинаған 35 ұпайдың 66 пайызын өз алаңдарында алды.

Біріншілік соңында тіпті «Тараз» бапкері тыңнан түлен тартты. Бейсерми мәліметтер бойынша, ол әуежайда әжептеуір ойнап жүрген Алиевпен жаға ұстасып қалған-мыс. Осы жағдайдан кейін бе, әлде басқа себеп болды ма, Алиев те бірден командадан кетті.

«Тараздың» Премьер-лигада қалатын соңғы мүмкіндігі тоғыспа кездесу еді. Алайда, «Астана – Аренада» өткен ойында да Максимов командасы тым әлсіз көрінді. Бапкер қателесті ме, «Алтайдың» арыны мықты болды ма, әйтеуір жамбылдықтар жүйелі ойын көрсете алмады. Осы ойында команданың берекесі кеткенін тағы да байқадық. Легионерлердің көзінен бір от, жергілікті ойыншылардың көзінен шоқ көрмедік. Барлығы асықты. Қайда екені белгісіз. Мүмкін Бірінші лигаға. Мүмкін демалысқа ...

Елорда төрінде өткен матчтан кейін тағы бір дау шыға келді. Бірінші айналымда екінші командадан бір-ақ шыққан Бауыржан Шерхан өзінің инстаграм парақшасында – «Айрандай ұйып отырған команданы іріктені үшін Максимовқа мың алғыс. Бапкер емес, дене шынықтырушы», - іспетті жазба қалдырды. Бұл жерде біз Бауыржанның бапкерге деген өкпесі қара қазандай екенін байқадық. Бірақ, жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. Расында, бар былық бапкерде шығар. Дегенмен, «Тараз» мұндай қиын жағдайға турнирдің бірінші айналымында тап болды. Сондықтан, бар кінәні Юрий Максимовке жауып қойғанымыз жөн болмас. «Тараздың» мұндай мүшкіл күйіне басқа да жауапты адамдар болуы бек мүмкін.

Біздің мақсат «Таразды» табаламау емес еді. Талай таланттың томағасын сыпырған тарихи клуб. Алайда, клубтың осы күнгі жағдайы шын алаңдатады. Ғасыр басында дүрілдеп тұрған ұжым енді өз қалпына келе алады ма екен? Осы сауал көкейді тесіп барады.

Жоғарыда ғана "Тараз" талай талантты шығарғанын тілге тиек еттік. Биыл да біз жамбылдықтар сапынан жаңа есімдерді көрдік. Мақсат Әмірханов, Данияр Баялиев, Құрмет Қараман, Мадияр Нұралы, Қанат Қаримолла міне, осы ойыншылар қазақ футболының дуына биыл қосылды. Жігіттер жас та болса, жігерлі. Сенім артып, дұрыс тәрбиелесе, топ жарып шығуға дайын. Ал, Бауыржан Байтана, Бауыржан Шерхан, Абзал Таубай, Әлішер Сүлейді жұрт бұрыннан жақсы білетін. Енді осы футболшылар команданы қайта Премьер-лигаға алып келеді деп сенеміз.

«Тараз» сапынды биыл сынға ұшырамаған бір футболшы болса, онда ол — Малик Мане. Сенегелдың саңлақ әр ойынды жан-тәнімен ойнап, командасына ұпай алып беруге тырысты. Әйтсе де, Мане "Таразда" «жалғыздың үні шықпас», - дегеннің күйін кешті. Оның 30-ойында соққан 13-голы командасына көмектесе алмады. Команда сапында маусымды сәтті өткізген футболшылардың қатарына Давронжан Эргашовты қосып қойсақ болады. Екінші айналымда келген тәжік футболшысы барлық 16 кездесуге қатысып, сәл-пәл көмегін тигізді.

Дәуренбек Тәжімбетов те қолынан келгенін аяған жоқ. Алайда, алып денелі шабуылшыға Маненің көмегі аздау болды. Келе сала капитан деген атақты алған шабуылшы 15 ойын өткізіп, 2 голмен көзге түсті. Александр Алиев туралы да жаман ешнәрсе айта алмайыз. Әсіресе, «Алтайға» қарсы кездесуде украин жартылай қорғаушысының орны ойсырап тұрды. Келеңсіз жағдай болмағанда тоғыспа кездесуде «Таразды» сүйрейтін еді. Ал, Данилюк, Мера, Яковлев секілді ойыншылар толық сенімнен шықпады.

Сандар сөйлейді

Әдеттегідей енді сандарды сөйлетіп көрейік. Биыл «Тараз» ұпайды күреп алмаса да, сары және қызыл қағаз алудан көш бастады. Өткен маусымда клубтың 24 футболшысы 82 сары, 2 қылыз қағаз алды.

Қызыл қағаз - О.Недашковский, Б.Байтана.

Сары қағаз -  10 - Й.Мера, 8 - А.Таубай, 6 - И.Воротников, 5 - В.Евстигнеев, А.Григорьев, 4 - М.Әмірханов, Т.Данилюк, Д.Эргашев, Д.Евстигнеев, 3 - М.Шахметов, А.Григоренко, Б.Байтана, Д.Баялиев, Қ.Қараман, А.Яковлев, 2 - Й.Голич, М.Нұралы, А.Пищур, Д.Тәжімбетов, М.Мане, 1 - О.Недашковский, Ш.Бауыржан, А.Киров, А.Сүлей.

Биыл жамбылдық клуб сапында 32 футболшы өнер көрсетіпті. Бірақ, команданың көрсеткіші нашар. 32 ойында клуб небәрі 33 гол соққан. Оның екеуін пенальтиден. Өз қақпаларына 42 гол, соның бесеуін пенальтиден жіберген.

Команда сапында ойнаған футболшылар мен олардың көрсеткіштері — Т.Данилюк - 31 (1), М.Мане - 30 (13/2), А.Григоренко - 30 (-40/5), А.Сулей - 29 (3), И.Воротников - 28, Й.Мера - 25 (3), Д.Евстигнеев - 19, А.Таубай - 19, М.Нуралы - 17, А.Яковлев - 16 (2), Д.Тажимбетов - 15 (2),Б.Байтана - 15 (1), М.Шахметов - 15 (1), М.Амирханов - 15, Д.Баялиев - 15, А.Григорьев - 15, Д.Эргашев - 14 (1), А.Киров - 13 (1), В.Евстигнеев - 12 (1), Б.Айтбаев - 11, А.Пищур - 11, Алек.Алиев - 9 (1), К.Караман - 8, И.Зенькович - 6 (3), О.Недашковский - 5, Б.Рымтаев - 5, К.Короткевич - 3 (-2/0), Ш.Бауыржан - 3, А.Карпык - 3, А.Абденаби - 2, Й.Голич - 2, К.Каримолла - 2.

«Тараздың» тағдыры не болмақ?

Бұл сұрақ бүгінде барлық тараздық жанкүйерлердің көкейінде шығар. Бірақ, нақты ешкім жауабын білмейді. Бір анығы, команда біраз өзгеріске ұшырайды. Сыбыстар бойынша, қазірдің өзінде команда қатарынан Юрий Максимов кетіп қалыпты. Бапкермен бірге келген ойыншылар командадан кеткен. Ал, келер маусымда Бірінші лигада команданың негізін жергілікті футболшылар құрайтын болады.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх