Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
894
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2817
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
948
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
864
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
638
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Артем Касьянов: "Жетісудің" жағдайы мен келгенге дейін де мәз емес еді""

08 нояб. 2016, 17:20 | 1461
«Жетісу» сапындағы ең танымал ойыншылардың бірі — Артем Касьянов. Маусымның бел ортасында командаға қосылған украин футболшысын жанкүйер қауым «Ордабасы» сапында ойнаған кезде жақсы танып алған еді. Кейін отанына оралып, жарты жылдық үзілістен кейін Қазақстан біріншілігіне қайта оралды. Бірақ, Артемның қазақ еліне екінші келуі сәтті болды дей алмаймыз. Өйткені, ол «Жетісу» жанкүйерлерін жерге қаратып, командасын Премьер-лигада сақтап қала алмады. Осы орайда KazFootball.kz порталының тілшісі Касьяновқа хабарласып, сұқбаттасқан болатын.

— Артем, қалыңыз қалай? «Жетісу» сапында өткізген өткен маусымды қорытындылап өтсеңіз ...

— Рақмет, жақсы. Қазір Украинада, отбасыммен бірге демалып жатырмын. Өткен, маусымды қорытындылайтын болсам, біз жанкүйерлердің сенімінен толық шықпадық. Сол үшін де көрермендерден кешірім сұрағым келеді. Мен «Жетісу» сапына маусымның ортасында келдім ғой. Негізі команданың жағдайы мен келгенде дейін де мәз емес еді. Ұжым толық жасақталмаған. Мықты деген ойыншылар командадан кетіп қалған болатын. Жазда келген футболшылар қолдан келгенше команданы Премьер-лигада сақтап қалуға тырыстық. Бірақ, барлығы біз қалағандай болмады. Команданың негізі маусым басында-ақ дұрыс құрылмаған. Кейбір ойындарда тіпті қосалқы құрамның 3-4 футболшысы негізгі құрамда ойнады. Ал, деңгейі төмен футболшылармен басқа командаларға қарсы тұру қиын. Қазір енді оған кінәлі адамдарды іздемей-ақ қояйық. Кінә бізден. Команданы Премьер-лигада сақтап қала алмадық.

— «Жетісу» сапында Сіз 17 кездесуге қатысып, 2 гол соқтыңыз. Жалпы, талдықорғандық команда сапында өз өнеріңізге қандай баға берер едіңіз?

— Керемет ойнадым деп айта алмаймын. Себебі, мен қыста «Металлист» сапында дұрыс ойнаған да жоқ едім ғой. Өздігімнен жаттығу жұмыстарын жасадым. «Жетісуға» жақсы бабымда келген де жоқпын. Десе де, мен әр ойында аянып қалмадым. Бар білгенімді, бар күшімді салып ойнадым. 10 ұпайлық жүйемен өзімнің ойыныма 7 деген баға қояр едім. Өйткені, одан жақсы ойнасам, команда қазіргідей күй кешпейтін ба еді деп ойланамын.

— «Металлист» туралы айтып қалдыңыз. Көктемде сол команданың сапында келеңсіз оқиғаға тап болдыңыз? Бұл мәселе шешілді ме?

— Ол кезде келеңсіз жағдайға бір мен емес, тағы бірнеше футболшы тап болды. Негізі, менің карьерамдағы үлкен қателіктердің бірі — «Металлист» сапына ауысу болды. Отбасыма жақын болайын деген едім. Алайда, бұл шешім дұрыс болмай шықты. Қазір оның барлығы артта қалды. Мәселе сол кезде-ақ шешілген еді.

— Премьер-лигада орындарыңызды сақтап қалуға да болатын еді. Ол үшін «Ақжайықты» жеңу керек едіңіздер. Осы матчқа қысқа тоқтала кетсеңіз. Оралдықтарға қарсы ойында Сіздер зордың күшімен ойнаған сияқты болдыңыздар.

— «Ақжайыққа» қарсы кездесу расында біз үшін маңызды еді. Жеңсек тоғыспа кездесуге қатысатын мүмкіндігіміз болды. Бірақ, бұл ойынға біз шаршаңқы күйде шықтық. Кейбір футболшылар «жанып» кетті. Кейбірі тіпті матчқа қатыса алмады. Жоғарыда айтқанымдай, жоғары деңгейлі футболшылардың аздығы өз әсерін тигізді бұл ойында.

— Көпшіліктің көкейінде жүрген сауалды қояйын. Келер маусымда «Жетісу» сапында өткізесіз бе?

— Жоқ. Келер маусымда «Жетісудің» қатарында болмайтын шығармын. Қазанның соңында менің командамен келісім-шартым аяқталды. Бұл туралы клуб басшылығымен әңгіме болған еді. Біз егер Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалғанымызда, клуб жетекшілері маған жаңа келісім ұсынуға дайын болатын. Енді жаңа шарт ұсынбайтын шығар.

— Жаңа жұмыс орныңыз қайда болмақ. Қазақстаннан команда қарастырасыз ба, әлде Украина біріншілігіне қайта ораласыз ба?

— Ол туралы әлі толық ойланғаным жоқ. Қазақстанда чемпионат аяқталса, Украинада енді қызып келеді. Карьерамның қалай жалғасатыны қысқы трансфер кезінде белгілі болады.

— Жалпы, Қазақстан клубтарынан ұсыныс түсіп жатса қайта келуге дайынсыз ба?

— Әрине! Мен Қазақстан біріншлігінде алты жыл ойнадым ғой. Барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді жақсы білемін. Сондықтан, еш ойланбастан қайта Қазақстанға келуге дайынмын.

— Расында, Сіз біздің біріншілікте ең көп ойнаған украиналық футболшылардың бірісіз. Енді Сізге мынадай сауал қойғым келеді. Қазақ футболында өсу байқалады ма? Шет елдік футболшы ретінде біздің біріншілікке қандай баға берер едіңіз?

— Қазақстан чемпионатының деңгейі жыл өткен сайын өсіп келеді. Бұған ешкім дау келтірмейтін шығар. Менің Қазақстанға келген алғашқы жылдарымда көп қалаларда командаға немқұрайлы қарайтын еді. Қазір көзқарас өзгерген. Әр команданың адал жанкүйерлері бар. Инфраструктура қадамдап демесек те, табандап дамып келеді. Ішкі біріншіліктегі бәсеке де артты. Бұрын тек бір команда көш ұзап, чемпиондықты сарапқа салатын болса, қазір бәсекелестер де көбейді. «Астананың» аяқ алысын айтуға болады. «Қайраттың» қажырлы еңбегін қараңыздар. «Ертіс», «Ордабасы» секілді командалардың деңгейі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары. Біз ауыз сөзбен айтқанда қазір Қазақстан клубтарының деңгейі өскен.

— Әңгімеңізге рахмет! Сәттілік тілеймін!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх