Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
302
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
375
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
221
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1097
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
539
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Ақжайықты" Премьер-лигада алып қалған қандай күш?

10 нояб. 2016, 14:30 | 1587
Биылғы маусымның соңында тосын сый «Ақжайық» болды. Оралдықтардың біріншілік аяқталуға санаулы тур қалғанда екінші демі ашылып, Премьер-лигада ойнайтын командалар арасындағы орнын сақтап қалды. Турнирдің соңында мұндай қарқынды команда қалай алды? «Ақжайықты» Премьер-лигада сақтап қалған қандай күш болды. Бүгінгі шолуымызда біз осы сауалдар мен оралдық ұжымның биылғы маусымдағы өнері туралы сөз қозғайтын боламыз.

Биылғы маусымға ұжымды Бірінші лигадан алып шыққан Талғат Байсуфиновтың дайындағанын жұрт жақсы біледі. Талғат Маруанұлында маусым басында қиындықтар да болған жоқ емес. Бюджет толық бөлінбей, бапкер барды қанағат қылып, жергілікті футболшылар мен шет елдік санаулы футболшыларды шақырып, ортаңқол команда қалыптастырды.

Осы маусымның басында бапкер командаға Саша Колуния, Данило Николич, Предраг Говедарица, Фредди Коронель секілді шет елдік футболшылар мен Эдуард Сергиенко, Захар Коробов, Қуаныш Бегалин, Сергей Гридин, Олег Хромцов сынды отандық ойыншыларды жинаған болатын. Қорғаныс пен жартылай қорғаныста ойнайтын ойыншыларды көп жинаймын деп Талғат Байсуфинов шабуылда опық жеп қалды. Гол соғады деп алған Бегалин мен Гридин білгендерінен жаңылды. Оған команданың алғашқы 10 турдағы көрсеткіші куә. Оралдықтар сол 10 ойында небәрі 3 гол ғана соққан еді. Оның екеуін жартылай қорғаушылар (Коронель, Валиуллин), біреуін шабуылшы (Бегалин) соқты.

Әрине, мұндай көрсеткішпен команданы Премьер-лигада сақтап қалу оңай емес еді. Сол себепті де, жазғы трансферлік үзілісте команда құрамы өзгерді. Бірінші болып бапкер қызметінен кетті. Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінін қолына алған Талғат Байсуфинов өз еркімен қызметінен кететінін хабарлады.

Негізі сол сәтте «Ақжайық» басшылары Талғат Байсуфиновты қызметінен босатуға дайын емес екендерін айтқан тұғын. Алайда, араға «құдыреті көп» ҚФФ басшылары араласып, райынан қайтарыпты. Ұзынқұлақтың айтуы бойынша, осы кезде ҚФФ мен «Ақжайық» арасында «келісім» де болыпты. Сондықтан, оралдық команда Премьер-лигадағы орнын сақтап қалған көрінеді.

Оның орнына оралдықтар бас бапкерді біраз уақыт іздейді. Сөйтіп, ақыры қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Виктор Кумыковқа тоқтаған болатын. Тіпті, ресейлік білікті маманды команда басшылары футболшыларға ресми таныстырған еді. Бірақ, сол танысу болған күні-ақ Виктор Балютович заттарын жинап, еліне қайтты. Бұл жағдайдың не үшін және қалай болғанын көпшілік біле бермейді. Кейбір мәліметтер бойынша, Виктор Кумыковтың «Ақжайықты» жаттықтыруына ҚФФ басышлары тікелей қарсы болды-мыс.

Содан соң команда басшылары ел ішінен бапкер қарастыруға көшіп, Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметінде жүрген Вахид Масудовқа тоқтады. Вахид Юнусовичтің келуімен команда қатары тағы біраз өзгеріске ұшырады. Тарқатып айтсақ, бірінші айналымда түк қатырмаған Гридин, Хромцовтар кетсе, олардың орнына Майкл Одибе, Рақымжан Розыбакиев, Матиас Мартин, Абылайхан Тотай, Марат Шахметов, Константин Дудченко, Мирослав Лечич келді.

Одан бөлек, жазда коман құрамына Евгений Левин, Могамед Узденов және Қайрат Нұрдәулетов келді. Алғашқы екеуі Оралға тек турист ретінде келсе, Қайраттың командаға көмектесетін ниеті болған-ақ еді. Дегенмен, «Ақжайық» сапында өткізген бірінші кездесуінде-ақ ескі жарақаты қайта сыр беріп, клубпен келісім-шартын үзді.

Вахид Масудов командаға келісімен ұжымның ойыны оңала қоймады. Масудов та Байсуфинов секілді «Ақжайық» сапындағы алғашқы жеңісіне үшінші ойынында қол жеткізді. «Таразға» қарсы өткен 15-ші турдағы ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірақ, сол ойыннан кейін «Ақжайық» тағы 7 ойын қатарынан ұтылды. Сөйтіп, жағдайын тым нашарлатып алған еді. Әйтсе де, біріншіліктің аяқталуына 10 тур қалғанда «сиқырлы келісім» өз күшіне еніп, команда ұпайды күреп ала бастады. Соңғы 10 ойынның 9-да оралдық команда 27 ұпай алды. Бұл команданың биылғы маусымда алған ұпайының 85 пайызы. Әрине, таң қалатын дүние.

«Ақжайық» сапында маусымды сәтті өткізген — Фредди Коронель. Парагвайлық футболшы ел біріншілігіндегі барлық 32 ойынға қатысып, 8 гол соқты. Осылайша, команданың үздік сұрмергені атанды. Одан бөлек, шет елдік аяқдопшылардан Говедарица мен Колунияны айтуға болады. Бұл екі футболшы да «Ақжайықтың» маусымты сәтті аяқтауына әжептеуір ат салысты.

Шау тартып қалды деген Эдуард Сергиенко әлі де өз деңейінде футбол ойнай алатынын дәлелдеді. Дудченконы да  команда дұрыс алған екен. Шабуылшы 17 ойынға қатысып, 4 гол соғып берді.

Маусым басында негізі «Ақжайық» жергілікті футболшыларға көп сенім артып еді ғой. Сол отандық ойыншылар да өз биігінен көрініп, сенімді толық ақтады. Мысалы, Руслан Валиуллинді айтуға болады. 22-жастағы жартылай қорғаушы биыл 30 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Мейрам Сапанов, Бауыржан Омаров және Эльдар Әбдірахмановтар да көрермен көзіне жақсы ойындарымен түсті. Маусым басында команда таппай әлек болып жүрген Розыбакиев те жүрісінен жаңылмады. Болашағынан зор үміт күттіретін Иван Антипов та қолынан келгенін аяған жоқ.

«Ақжайық» сапында көңілге қаяу салған футболшылар да жоқ емес. Мәселен, екінші айналымда командаға келген Марат Шахметовтен көпшілік көп үміт күтті. Алайда, ол өз биігінен шамалы түсіп қалды.

Сандар сөйлейді

Статистикаға келетін болсақ «Ақжайықтың» ойыны әлі де ортаңқол командаға тән емес екенін көреміз. Команда биыл 9 ойын бойы жеңе алмаған ҚПЛ-дағы жалғыз команда. Алдымен, 5-14 тур арасында бірде-бір мәрте жеңіске жетпесе, кейін 16-22 тур арасында жеті ойын қатарынан жеңілді.

Гол соғу көрсеткіші бойынша да оралдықтардың жағдайы оңып тұрған жоқ. 27 голмен соңынан санағанда екінші орында келеді. Тек «Шахтердің» көрсеткіші төмен. Бірақ, соғылған және жіберілген голдар бойынша көш басында. «Ақжайықтың» 3 қақпашысы биыл 50 гол жіберген. Яғни, - 23. Одан кейін «Тараз» - 16, және «Ақтөбе» мен «Шахтер» - 15.

Ойын ережесін бұзу көрсеткіші бойынша да «Ақжайық» аяқдопшылары алдыңғы қатарда. Команданың 23 футболшысы биыл 73 сары және 4 қызыл қағазбен жазаланыпты.

Қызыл қағаз — Д.Николич, М.Сапанов, П.Говедарица, М.Лечич.

Сары қағаз — 10 - П.Говедарица, 7 - Р.Розыбакиев, Э.Сергиенко, 5 - А.Шурыгин, Э.Әбдірахманов, 4 - Д.Николич, М.Лечич, 3 - Р.Багаутдинов, С.Шевцов, Б.Омаров, К.Дудченко, 2 - З.Коробов, М.Сапанов, О.Хромцов, А.Мальцев, С.Колуния, М.Одибе, М.Шахметов, 1 - Б.Хаиров, Р.Валиуллин, А.Тотай, И.Антипов, Д.Толебаев.

Команда сапында өнер көрсеткен футболшылар мен олардың көрсеткіштері — Ф.Коронель - 32 (8/3), Р.Валиуллин - 30 (2), П.Говедарица - 29 (1), Э.Сергиенко - 29 (1), М.Сапанов - 25, Б.Омаров - 23, Э.Әбдірахманов - 22, С.Колуния - 20, А.Шурыгин - 19, К.Дудченко - 17 (4), Р.Розыбакиев - 17, М.Лечич - 16 (5/1), Д.Николич - 16, О.Хромцов - 15 (2), Қ.Бегалин - 13 (2), А.Мальцев - 12, И.Антипов - 10 (1), Н.Қалменов - 10 (-19/0), М.Одибе - 10, Е.Тапалов - 10, С.Шевцов - 10, Д.Толебаев - 9 (-6/1), Р.Багаутдинов - 7 (-10/2), М.Рубио - 7, М.Шахметов - 6 (1), Б.Хаиров - 6, С.Остоич - 5 (-15/0), С.Гридин - 5, З.Коробов - 4, Н.Забродин - 3, А.Тотай - 2, Е.Лёвин - 1, К.Нурдаулетов - 1, И.Сарсекенов - 1. 

Сыбыс

Бізге жеткен мәліметтер бойынша, «Ақжайық» сапында алдағы уақытта біраз өзгерістер болады. Тіпті клуб басшылары қатарында да. Вахид Масудов да маусым соңына дейін келісім-шартқа отырған болатын. Енді оның қалу, қалмауы жаңа басшылардың талабына қарай белгілі болады. Команда ойыншыларынан жергілікті жастар қалады. Ал, егделері командадан кетеді. Шет елдіктерден Фредди Коронель ғана сенімнен шығып тұр. Өзге футболшылардың мәселесі осы айдың соңына дейін шешілу керек.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх