Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
305
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
378
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
224
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1101
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
542
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Тобыл" тағы да жетінші орын алған жыл

16 нояб. 2016, 17:40 | 1474
Қостанайлық клубтан биыл жұрт жақсы нәтиже күткен еді. Алайда, «Тобыл» биыл тағы да жетінші орын алды. Соңғы алты жылдың ішінде бесінші рет жетінші орынға жайғасты. Расында, клубқа «жеті» деген сан жабысып қалған секілді. Оны біз осы шолуымызда анықтап көретін боламыз.

«Тобылдың» 2010 жылы Қазақстан чемпионы атанғанын жақсы білеміз. Равиль Сабитовтың бастамасымен команда әзірге бірінші және соңғы рет Қазақстанның чемпионы деген атақты алды. Одан кейін қатарынан бес рет жетінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ 2000 жылы «Тобыл» турнир кестесін жетінші орынмен аяқтаған болатын.

Биыл «Тобыл» тәуір көрсеткішке қол жеткізеді деген сенім болған еді. Өйткені, команда жақсы жасақталған. Ұжымға бытырап кеткен «Ақтөбеден» жеті адам келді. Оның алтауы Чиприан Дяк, Сергей Хижниченко, Дмитрий Мирошниченко, Артурас Жулпа, Виктор Дмитренко, Евгений Левин секілді футболшылар болса, жетіншісі Андрей Мирошниченко. Клубтың спорттық директоры болып келді.

Маусым басында команданың да бапкері ауысты. Былтыр сәуір айында бас бапкер болып тағайындалған Сергей Масленовтың орнына Дмитрий Огай келді. Бірақ, команда Огай келгенше жасақталып қойған еді.

Ұжым сапына жоғарыда айтқан алты ойыншыдан бөлек Владимир Логиновсикй, Фернандер Кассай, Денис Главина, Рауль Джалилов, Тимур Досмағамбетов, Альмир Мухутдинов, Алессане Н"Диайе сынды аяқдопшылар қосылды.

Осындай жаңарған құраммен «Тобыл» биылғы маусымды сәтті бастады. Біріншіліктің алғашқы үш ойынында 7 ұпай жинап, турнир кестесінің төріне жайғасты. Бірақ, кейін сүреңсіз ойындардың сериясы басталы. Сөйтіп, 14 тур аяқталғаннан кейін команда басшылары Дмитрий Огайды қызметінен босатты. Себеп, сол сүреңсіз ойын. Команда ол кезде турнир кестесінің 7-ші сатысында тұрған еді.

Негізі Дмитрий Огайдың қызметінен кеткені көпшілік үшін күтпеген жағдай еді. Себебі, бапкер ұжымға енді бой үйреніп, жеңісті жолды қалап келе жатқан тұғын. Бірақ, басшылардың көңілінен шықпай қалған секілді.

Бас бапкермен бірге бұл кезде Алексей Мирошниченко да кетті. Бұл азаматтың не үшін қызметінен кеткені әлі күнге дейін белгісіз болып тұр. Бәзбіреулердің айтуынша, Мирошниченко Қостанайда қомақты сомманы жымқырған-мыс.

Мамырдың 30-нан бастап бос тұрған бұл қызметкен Омари Тетрадзе келді. Жаңа бапкер қызметін жеңіспен бастады. 15-ші турда қостанайлықтар сырт алаңда «Ақтөбеден» айласын асырды. Ресейлік маман да команда қатарына біраз өзгерістер енгізді. Қорғаушы Марк Гурман мен шабуылшы Шамиль Асильдаров ұжымға қосылды. Ал, Левин, Розыбаекиев жәнен Дудченколар командадан кетті.

Ресейлік маманның келуімен «Тобылдың» ойыны оңталды деп айта алмаймыз. Команда әрбір үш ойын сайын жеңіліп жатты. Әйтсе де, соған қарамастан қостанайлық ұжымның бірінші алтылыққа кіретін зор мүмкіндіктері бар еді. Алайда, сол мүмкіндікті Тетрадзе тәлімгерлері өз қолынан шығарып алды. 20-шы турда сырт алаңда «Қайратқа» қауқары жетпей, әлсіздер (екінші алтылық) қатарына қосылды.

Мықтылардың қатарына қосыла алмағаннан кейін «Тобылдың» ойыны тағы сұйылып кетті. Оған, «Ақжайық», «Жетісу», «Оқжетпес» командаларынан жеңілген ойын куә. Десек те, біріншіліктің аяқталуына бес тур қалғанда қатарынан 4 ойында жеңіске жетіп, «Тобыл» тағы да жетінші орынға тұрақтады.

«Тобыл» сапында биыл бұрынғы ақтөбеліктер білгенінен жаңылмады. Мысалы, Дяк, Мирошниченко, Хижниченколар команданың нағыз көшбасшысына айналды. Бұлардан бөлек, Яворский, Главина, Кассай, Шимковичтердің ойынын қуантты.

«Тобыл» сапында биыл жолы болмаған ойыншылар Нұрбол Жұмасқалиев пен Рафкат Аслан. Команда капитаны шау тартып қалғандай. Өзін кереметтей қырынан көрсете алмады. Тіпті, «Ақжайыққа» қарсы ойында алаңнан қуылды. Кейін Тәртіпті бақылау комитеті Нұрболды жеті ойыннан шеттетті. Бұл биылғы маусымдағы ең қатал жаза еді.

Ал, өткен маусымда негізгі құрамда 16 кездесуге қатысқан Рафкат Аслан биыл небәрі 1 ғана кездесу өткізді. Қазақстан жастар құрамасының капитаны бапкерлер сенімінен шықпаған секілді.

Сандар сөйлейді

«Тобыл» биылғы маусымда доп айырмасы бойынша нөлдік көрсеткішке ие болған жалғыз команда. Қостанайлықтар қарсылас қақпасына 40 гол соғып, өз қақпаларына тура 40 гол жіберген.

Тәртіп бұзу көрсеткіші бойынша Тетрадзе ұжымы үздік үштікті түйіндеп тұр. Биыл команданың 22 футболшысы 70 сары, 2 қызыл қағаз алған.

Қызыл қағаз — В.Дмитренко, Н.Жумаскалиев.

Сары қағаз — 8 - Т.Шимкович, И.Мухутдинов, 6 - Д.Мирошниченко, С.Хижниченко, 4 - Т.Досмағамбетов, Н.Жұмаскалиев, С.Яворский, 3 - Ш.Асильдаров, А.Жулпа, Р.Джалилов, В.Дмитренко, 2 - А.Н’Диайе, Е.Лёвин, Ф.Кассай, Д.Савич, Д.Главина, Н.Кургулин, М.Гурман, 1 - Р.Розыбакиев, В.Логиновский, Ч.Дяк, Т.Эльмурзаев.

«Тобыл» сапында биыл 27 футболшы доп теуіпті. Ал, ұжым ел біріншілігіндегі 32 кездесуде қарсылас қақпасына 6 голды пенальтиден соқса, өз қақпаларына пенальтиден екі гол жіберген.

Команда сапында өнер көсерткен футболшылар мен олардың көрсекіштері — Ч.Дяк - 31 (2), Д.Мирошниченко - 30, С.Хижниченко - 28 (10), Т.Шимкович - 28 (8/5), С.Яворский - 28 (2), Н.Жумаскалиев - 27 (4), Д.Главина - 27 (1), Ф.Кассай - 25, В.Логиновский - 24 (-30/1), А.Жулпа - 23 (3), Т.Досмагамбетов - 23, А.Мухутдинов - 23, Р.Джалилов - 19 (2), Ш.Асильдаров - 18 (2/1), В.Дмитренко - 18, М.Гурман- 14, К.Дудченко - 11 (2), А.Н’Диайе - 10 (1), Д.Савич - 9 (2), А.Петухов - 7 (-7/0), Н.Кургулин - 5, Е.Лёвин - 4 (1), Р.Розыбакиев - 3, Т.Эльмурзаев - 2, С.Бусурманов - 1 (-3/1), Р.Аслан - 1, А.Жуков - 1.

«Тобыл» қашан арнасынан тасиды?

Бес жыл болды «Тобыл» жанкүйерлері командадан тәуір көрсеткіш күтіп жүр. Команда 2010 жылғы Қазақстан чемпионы атанғаннан кейін өз ойынын таба алмай келеді. Биыл да үміт зор еді. Алайда, су сепкендей басылды. Енді Қостанай жұрты келер маусымды тағатсыздана тосып отыр. Келер жылы команданың көрсеткіші дұрысталады ма деп.

Келер жылы команданың көрсеткіші оңалуы әбден мүмкін. Өйткені, командамен жақсы танысып алған Омари Тетрадзе қызметінде қалады. Сонымен қатар, клубтың көшбасшы футболшылары да жуық арада келісім-шарттарын ұзартуға дайын.

Одан бөлек, клуб қатарына бірнеше мықты футболшылар қосылуы мүмкін. Біз оны желтоқсанда білетін боламыз. Себебі, 13-ші желтоқсан күні команданың бірінші оқу-жаттығу жиындары басталады.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх