Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
940
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2869
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
989
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
902
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
674
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Қонақтан тағы құралақан қайттық

12 нояб. 2016, 14:40 | 1652
Бұл жылғы соңғы ресми кездесуінде Копенгагенге қонаққа барып, жергілікті Дания құрамасымен жолыққан жерлестеріміз ойсырай ұтылды. "Астана-Аренада" бір ұпайдан жинап жүрген Талғат Байсуфинов командасы қонақта тағы қауқарсыз болды. Өз алаңымызда ғана батырмыз.

Ойын алдында Байсуфиновтың басы қатты

Қазақстан Ұлттық құрамасы топтағы қай ойында да ең мықты құрамымен шығып көрмепті. Копенгагендегі кездесу де бұл тізімде. Талғат Маруанұлының өзекті мәселесі орталық алаң мен оң қаптал еді. Бапкер шешімін тапты. Ел біріншілігіндегі үздік қорғаушылардың бірі (ең үздік болмаса) Гафуржан Сүйімбаев оң қапталдан ойып тұрып орын алды. Лотералдың міндеті мойнына жүктелді. Орталық алаңға қарамағындағы жалғыз артқы жартылай қорғаушы Альмир Мухитдиновты шығарды. Орталық қорғаныста үйреншікті үштік Елдос Ахметов - Сергей Малый - Юрий Логвиненко. Сол шепте Дмитрий Шомко. Одан жоғары Серікжан Мужиков, шабуылшыдан бір қадам артта Бауыржан Исламхан, ортадағы Мухитдиновке көмектесіп, әрі Сүйімбаевқа дем беріп отыратын Мақсат Байжанов бар жартылай қорғаныстың оң қанатында. Шабуылда топтағы төрт ойыннан бері тоғыздықтың орнын иемденіп алған Сергей Хижниченко. Қақпада Стас Покатилов. 

Қорғаныстағы сансыз көп қателіктерден арылмадық

Қорғаныста қай қорғаушымыз да «көзге түсті». Ахметов әдеттегідей сары қағазбен марапатталып қана қоймай, болмашы жерде қақпаға пенальти алып келді. Тәртіп бұзуы көп болды. Тәжірибиесі мол, шеберлігі бір басына жетерлік деген Логвиненко шатасып жүргенде басқадан не үміт, не қайыр. Алаң қожайындарының оң қапталдағы қорғаушысы Петер Анкерсен Шомконы шаң қаптырып жатты. Нағыз лотераль шабуылды қалай қолдау керектігін үйретті. Дурмиси командасының үшінші голында ойын бойы мінсіздеу көрінген Сүйімбаевты айналып өтті. Негізі, "сасқан үйрек артымен жүзеді" дегендей дат бапкерінің алаңға бірден үш шабуылшыны шығарғаны да өз нәтижесін берді. Корнелиусты тоқтату мұң болды. Поульсенның аяғына доп тисе, тартып алу азап екен. Данияның 4-3-3 жүйесі біздің футболшыларды біраз шатастырған секілді.

Сүйімбаевқа кезек берер кез келді

«Қайраттың» қорғаушысы осы жылы Ұлттық құрамада еленбей жүрді. Премьер-лигада бүкіл маусым бойы тұрақты ойын өрнегін көрсеткен бірден-бір футболшы осы - Гафуржан. Алматылық ұжымның сапына ауысып, шеберлігін шыңдай түскен Сүйімбаевқа маусымдағы үздік қорғаушы атағын берсе де аздық етпейді. Дегенмен, еңбекқор ойыншы неге екені белгісіз Байсуфиновтың тізімінде «соңғы» футболшылардың бірі болды. Кешегі ойында алаңға амалдың жоқтығынан шығарды бас бапкер. Шомконың былтырғы деңгейін жоғалтқандығын маусым бойы көріп келгенбіз. "Астана" сапында да талай мәрте күйіндірді. Әйткенмен, Талғат Мәруанұлы үшін Шомко сенімді сарбаздардың бірі болды. Кеше Сүйімбаевтың қалай ойнайтынын көрдік. Иә, қорғаныста голға алып келген қателікке бой алдырды. Ту сыртынан сытылып шыққан қарсыласты байқамай қалды. Кеш қимылдады. Бірақ, Гафуржанның өзіне жат позицияда ойнағанын да ұмытпау керек. Ал, голды қалай соқты десеңізші. Әттең, әріптестері де оны елемей жатты. Әйтпесе, Байжанов немесе Исламхан оң қапталға қарай жиі ойысып, ортада бос кеңістік ашылуына белсенді көмектессе, Гафуржаннан тағы бірнеше жойқын соққылар көрер ме едік. Талғат Маруанұлының екінші таймда шабуылда ұстанған тактикасы түсініксіздеу болды. Сол шептен қарсыластың қорғанысын бұзып өте алмай жатыр ма, неге қарама-қарсы қапталға ойыспасқа? Бауыржан мен Гафуржан бір клубта доп тебеді ғой. Бірін-бірі жақсы түсінеді. Түптеп келгенде, гол да осы тұстан келді. Темірді қызған кезінде соқ деген...

Жетекші футболшымыз да жерге қаратты

Алаңда ерекше ойлауымен дараланатын, бір пасымен бүкіл қорғаушыларды қапыда қалдыратын Исламханның кеше ойыны жүрмеді. Бауыржан секілді креативті футболшылар әлемде көп. Ойынның көп бөлігінде көлеңкеде жүріп бір пасымен немесе бір соққысымен командаға нәтиже алып келетін. Алайда, кейбір cондай футболшыларда бар қасиет біздің Бауыржанда жоқтың қасы. Матчтағы алғашқы пасы өтпеді ме, қарсыластан айналып өте алмады ма... Бітті. Тоқсан минут бойы «тағдыры» сондай күй кешеді. Көпшілік Байсуфиновтың Исламханды алаңнан ерте шығарып тастайтынына сын айтып жатады. Бапкер осал тұсын біледі ғой. Түбі бірдеме ойлап табар деп сенетін футболшы Бауыржан емес. Өкінішті.

Жеткен жеріміз жертөле

Армяндар кеше ерлерді. Черногориядан бірінші таймнан кейін 0:2 жеңіліп жатып, екінші таймда жеңісті жұлып алды. Біздің түсімізге кірмеген ондай ерлік. Енді оларда үш ұпай. Бізден озып, бір саты жоғарылап шыға келді. Топты поляктар бастап тұр. Байсуфинов шәкірттеріне қарсы ойында ғана ұпай жоғалтқан Адам Навалка командасы румындарды қонақта тас-талқан етті. Қазақстан Ұлттық құрамасы топтағы келесі кездесуін келесі жылдың наурыз айында Ереванда Арменияға қарсы өткізеді.

Әлем чемпионаты 2018. Іріктеу кезеңі. «Е» тобы. 4-тур.

Дания - Қазақстан  - 4:1

Голдар: Андреас Корнелиус  15 (1:0), Гафуржан Сүйімбаев 17 (1:1), Кристиан Эриксен 36 пен (2:1), Петер Анкерсен 78 (3:1), Кристиан Эриксен 90+2 (4:1)

Ескерту алғандар: Андреас Корнелиус 21, Николай Йоргенсен 80 — Елдос Ахметов 8, Жасұлан Молдақараев 81

Дания:  Фредерик Реннов - Петер Анкерсен, Симон Кьер (К), Риза Дурмиси, Вилльям Квист, Томас Дилани, Николай Йоргенсен, Кристиан Эриксен, Андреас Бьелланд, Юссуф Поульсен, Андреас Корнелиус(Каспер Дольберг 83)

Қазақстан: Стас Покатилов, Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Мақсат Байжанов, Альмир Мухитдинов, Серікжан Мужиков (Еркебұлан Тұңғышбаев 81), Бауыржан Исламхан (Роман Муртазаев 70), Сергей Хижниченко (Жасұлан Молдақараев 61)

Бас төреші: Алон Ефет (Израиль)

12 қараша. Копенгаген. «Паркен».

Ойынның статистикасы:

Допқа иелік ету: 58% — 42%

Cоққылар: 23 — 5

Қақпаға тура бағытталған соққылар: 11 — 3

Ойын ережесін бұзу: 13 — 11

Ойыннан тыс қалу: 1— 4

Бұрыштама: 5 — 0

Сары қағаз: 2 — 2

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх