Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
835
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2765
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
904
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
824
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
600
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Күркіреп күндей, өтті ғой... ойын

15 нояб. 2016, 06:10 | 3166
Мақаланы жазуға отырғанда Қас-ағамның осы өлеңі ойға түсті. «Арқалы ақынның футболға не қатысы болуы мүмкін», - деген сұрақ келді. Жауап дайын екен. Жыл сайын «Қасым Кубогы» сарапқа салынады. Сарыарқаның ақын-жазушылары ойлап тапқан шығар. Жақсы жарыс. Жақсы болатыны, онда кілең өнер адамдары жүреді. Былайша айтқанда, өңкей өзіміз. Сырттан ешкімді кіргізбейді. Сайысады, жағаласады. Рас, жаға жыртысқанын естімедік. Артынан бірге шай ішеді. Өздерінің бәсекелері. Сонысымен қымбат.

Копенгагендегі ойын да бізге қызық еді. Бізді қызықтырды. Түн ұйқымызды бұзып, матч көрдік. Көргізген сол қызығушылық. Ойын аяқталғалы күндер өтті. Біз әлі де сол кездесу ішіндеміз. «Паркен» стадионында. Сыртқа шыққымыз жоқ. Себебі...  Сарап. Санап әуре болмаймыз. Кім қанша жүгірді, доп тепті, соққы жасады, гол соқты. Ол белгілі. Кімнің басым болғаны да. Копенгагенде қос команда осы құраммен енді бес рет ойнаса да алаң иелері алады. Қазақстан неге ұпай ұстана алмады? Бұл да дұрыс сұрақ емес. Неге ұпай алуы керек? Біз не, футболын дамытып тастаған елміз бе? Ұлттық біріншілікте қанша командаң бар, соның сапындағы негізгі құрам ойыншыларының үлесі қандай? Легионерге арқа сүйеп жүргенің өтірік пе? Ұлттық құраманы мықтылаудың жалғыз жолы - сол келімсектерге көк төлқұжат ұсыну ғана деп ойлайтынымыз қалай? Сырттан бапкер тасығымыз келіп тұратыны тағы бар. Жақсылап тұрып ойландық. Енді айтайық.

Алты жыл шамасында ма екен. Олимпиадалардың біріндеміз. Ванкувер-ау, деймін. Дүкендердің бірінен зат алайық деп тұрдық. Орыстың Виктор Гусеві де сонда екен. Амандастық. Әңгімені өзі бастады.

- Қазақстанда футбол дамып келе жатыр, ия?

- Әрине, жоқ.

- Қалай?

- Қалай болғанда, менің түсінігім бойынша бүкіл әлемде футболы кенже қалған үш мемлекет бар.

- Қызық енді болмасын. Атап көріңіз.

- Ресей, Қазақстан, Қырғызстан.

- Міне, қызық. Соңғы екеуін түсіндік. Ресейдің не кінәсі бар?

- Дамып кетіп па едіңдер, не? Жарыс барсаң, танауың қан болып қайтасың. Сосын жабыла жазасың. ЦСКА мен «Зенит» легионерлерімен ғана мықты. Ұлттық құрамада кім көрінген жайратады. Өтірік деші?

- А, сол жағынан келіп отырсың ба? Күрсінттің ғой, досым. Күрсінттің.

-  «Анжи» деген жобаңды естідік. Алысқа бармайды ау.

- Керимов істің адамы. Бір нәтиже шығарады.

- Керимов кең кісі деп естиміз. Алайда оның кеңдігін футболдағы кемдік жұтып қояды. Ортада өңшең берекесіздер жүреді. Солардың кеселі тиеді. Келіп жатқандар мен келгісі келетіндердің де көкейі белгілі. Анау Самуэль Этоны  айтам, күреп ақша төлесе де әйелім келетін болса, ұшаққа билет әпересіздер ме дейтін көрінеді. Қайран Керимовтің ақшасы ай, желге ұшады ау.

- Білемедім, бауыр, біле алмадым. Бір мұң бар екені анық. Біздің футболда. Оны өзім де сеземін.

Гусев сатып алған затын ұстап, жөніне кетті. Бұдан өзге де әңгімелер айтылды. Ол жағын кейін бір көрерміз. Виктордың Ресейі өткенде Катармен жолдастық кездесу өткізді. Дохада. Талайдан айтып жүрміз. Жазған да шығармыз. 2006 жылы болдық қой, сонда. Көргенімізді. Естігенімізді де. Міне, нәтиже. Ресей ұтылды да, жіберді. Орыс ойбайлап отыр, басылымдары жазып та жатыр. Тіпті біреулер ұсыныс айтыпты. «Ұлттық құраманы шынымен де таратсақ қайтеді?», - дегенді ту етіп. Шу етіп басылатын шығар, бірақ мұң етіп ұстап қалатындары да анық. Мұның Копенгагендегі матчқа қаншалықты қатысы бар дейсіз ғой. Әбден! Ресей Катардан жеңілді. Футболына миллиондап ақша салып жатыр, ойыншылардың жалақысы анау «Ақтөбенің» жария болғанынан әлденеше рет артық. Бірақ ұлттық құрамада нәтиже жоқ. Неге? Себебі ұлт футболына жан ашитын, ел футболын дамытуға болмыс-бітімімен кірісетін ешкім табылмай тұр!

Ал, сіздер Талғаттың шәкірттеріне сын айтасыздар. Қайта мақтаңыздар. Мақтаныңыздар. Ермұхаммед Мәулен інім айтады. Саусақтарын бүгіп отырып. «Премьер-лигадағы команда сапында үйде өскен төрт-бес ойыншы негізгі құрамда алаңға шығады екен. Сонда Талғат Маруанұлы ары кетсе қырық футболшының ішінен таңдап алатын болып тұр ғой». Ал, сөйлес! Он екі команда. Легионерлерден көз сүрінеді. Қақпашылары тағы бар. Алаңда ойыншылар тым аз. Оның ішінде көбі сол қорғанысқа жауаптылар. Орта тұста барлығы дерлік легионерлер. Шабуыл шебінде де солар. Талғатқа қайтпек керек? Сырттан шақыру? Маруанның баласы мықты екен. Красножаның да, Вайсың да, өзгең де өкіріп жылар еді, «ананы әпер, мынаны шақырып бер», - деп, мазаны алар еді. Жарықтықтардың жалақысы да ел қазынасына кәдімгідей салмақ. Нәтиже болса ғой. Сол Даниядан ұтылады. Бірақ сөздері тәтті шығады. «Бұл енді футбол», - дей салады. Бәріміз мәз боламыз. Шет ел бапкері жүр дегенді малданып. Тағы айтады. «Тәжірибие керек», - дейді, «ойыншы жоқ»,- дейді. Ақыл айтады. «Біріншілікті түзе», - дейді. Байсуфинов ше? Корвалол ішеді. Өйткені жүрегі ауырады. Тәп бір Маруан ақсақалдың ұрпақтары ұтылғандай мұңаяды. Шынымен де. Маруан ұрпақтары болмаса да, ақсақал өскен жердің ұлдары ұтылды. Талғаттың жүрегі ауырмай қайтеді? Жақсы екен, біздің құрама. Рас. Ойнады өз шамасы келгенше.

Айбек Қабылша бауырым ғой деймін. Жазыпты. «Әнұранды қалай айтты!»,- деп. Ойыншылар әнұран айтқанда көзге жас келді. Жүрек шым етті. Құдай-ау біздің құрама ғой, мынау, Өзіміздікі, өзімдікі. Энгел айтқанда осылай тебірене аласың ба? Күмәнім бар. Каньяс та жүрегімен айтпайды. Айтуға тиіс емес. Өз отаны бар. Өз әнұраны бар. Ақша үшін айтылған әнұранда мән-мазмұн өзгеше сипат алады. Ойнады ғой, біздің құрама. Алғашқы минуттардан шабуылға шықты. Тіпті гол жібере жаздады. Қарсыласы қарсы ұмтылғанда. Сосын ес жинады. Бірақ Ахметов пен Малый әлгі Андреасты жіберіп алды. Юсуп Паульсен мықты екен. Ойыншы! Қайда туады, қалай туады, қайдан туады? Туады, әрине. Біздің елде де! Туып жатыр, асыл аналарымыз! Соларды іздеген кім бар, тәрбиелеген кім бар? Ойыншы көп, команда жоқ! Біздің сиқымыз осы. Бірінші лигада он команда әрең құралды. Жоғары топты біліп отырсыз. Корнелиус 23 жаста. Тәжірибиесі енді толысып келеді. «Кардиффті» жерсінбей, «Копенгагенге» оралды. «Паркендеміз» дедік қой. Қазір шықпаймыз. Отырмыз, бір бұрышында. Ойланып. Покатилов мықты екен. Қателік жіберген жоқ. Бауыржан ғажап футболшы. Ақыл көп. Күш аз. Сосын мінез жетіспейді. Кейде тым жұмсақ, кейде тым дөрекі. Допты көп ұстайды. Беретін ойыншы таппайтын шығар. Бірақ қиядағыны шалу керек қой. Елдостың шеберлігінен жанкештілігі басым. Екеуі де ойыншыға қажет. Шомко қалжырады. Жігітің Хижниченко екен. Молдақараев пен Мұртазаевқа жеткізбейді, әлі. Мақсат Байжанов! Күші де көп, қабілеті де жақсы. Жанын салып ойнайды. Кезіндегі Самат секілді. Данияда неше команда бар екен? Қанша мектеп жұмыс істейді? Каспер Дольберг! Допты жусатып, өргізеді екен. Жылдам. Тез ойысады. Ертеңі жарқын секілді. «Аякс» шыңдады. Шыңдап жүр.

«Паркен» жарығын сөндірді. Біз де ойды қорытайық. Футболмен шындап шұғылдануға тура келеді. Жаңа басшының белі шыдай ма? Сонда нені істеуі керек? Алдымен бірінші топтағы команда санын арттыру. Биылдан бастап. Ол үшін «Іле-Сәулетті», «Лашынды», «Горнякты»,  ЦСКА-ны «тірілтуге» тура келеді. Премьер-лигадағы ақшаны азайтқан дұрыс шығар, әлгілерді қолдау үшін. Тіпті көп қаражат қажет те емес. «Астана» мен «Қайратты» не «емшектен» шығару керек, не болмаса, «бірінші лигада бір-бір команда ұстайсың», - деп талап  қойған дұрыс. Тізгін Талғатта қалсын. Ол жақсы бапкер. Сенімен бір тілде тілдеседі, ойыңды ұғады, жаныңды түсінеді. Сен де оны әбден білесің. Өйткені ол – Өзің!

                                                                             Амангелді Сейтхан

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх