Главное Маңызды
29 мар. 2024, 12:39
51
Зафиксировано нарушение трудового законодательства в кокшетауском «Окжетпесе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Kazinform».
27 мар. 2024, 14:06
415
Как стало известно корреспонденту KazFootball.kz, сборная Казахстана в случае прохода в финальную часть ЕВРО-2024 в рамках подготовки к турниру могла сыграть командой из ТОП-10 рейтинга ФИФА.
27 мар. 2024, 10:27
502
Главный тренер Национальной сборной Казахстана Магомед Адиев прокомментировал выездной товарищеский матч против Люксембурга (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
26 мар. 2024, 23:41
521
KazFootball.kz представляет Вашему вниманию стартовые составы команд на товарищеский матч Люксембург – Казахстан.
26 мар. 2024, 13:53
434
ФИФА опубликовала новый рейтинг сильнейших женских сборных мира, сообщает корреспондент KazFootball.kz.

"Астана" Алматыда атой салды

20 нояб. 2016, 15:00 | 1303
Кезекті футбол маусымы еліміздегі екі жетекші команданың жеке кездесуімен аяқталды. Қазақстан Кубогының финалында «Қайратты» тізе бүктірген ел чемпионы «Астана», маусымдағы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Былтыр өз жерінде кубоктың басты ойынында жеңіліп қалған Станимир Стойлов жігіттері Алматыда «Қайраттан» кубокты тартып алып, есе қайтарды.

Қазақстанның соңғы үш жылдағы чемпионы да, кубоктың былтырғы иегері де бүкіл мықты футболшыларымен алаңға шықты. Тек, «Астана» қақпасын алғашқы минуттардан негізгі қақпашы Ненад Эрич емес, Александр Мокиннің қорғағанын айтып өткен жөн. Алғашқы қауіпті сәт «Астана» футболшыларында болды. Айып алаңына асырылған пасты қақпаға бағыттаған Логвиненконың добы маңдайшаға тиді. Ойынның басында қонақтардың басымдылығы білініп тұрды. Қалың жауған қарды көп көрген ғой. Ал, алматылықтар өз алаңына үйренісе алмай біраз жүрді. Оныншы минуттан кейін ғана Кахабер Цхададзе жігіттері ояна бастады. Алғаш болып Мокинді тексеріп көрген Михаил Бакаев болды. Соққы Астана қақпашысының оңай олжасына айналды. Жерар Гоуда да жақсы мүмкіндік болған. Алайда, Гоудың тепкен добы нысанадан биік кетті. Оңтүстік астанада қардың толассыз жауғаны сонша, он бесінші минутта бас қазы үзіліс жасап, алаңның сызықтарының үстін тазарттыруға тура келді. Үзілістен кейін де қонақтар басым болды. Джуниор Кабананга мен Серікжан Мужиковтың соққыларын Стас Покатилов қайтара білді. Әйткенмен, нағыз мүмкіндік тайм аяғында Гоуда болды десек болар. Дегенмен, Премьер-лиганың үздік сұрмергенінің соққысына өткірлік жетіспеді.

Екінші таймның басында «Астана» алға шығып алды. Мужиковтың берген пасын Каньяс айып алаңының ішінде Кабанангаға асырды. Ал, др конголық шабуылшы мүлт кеткен жоқ. Қонақтардың голы «Қайрат» футболшыларын қиын жағдайға қалдырды. Онсыз да, шабуылда ойыны жүрмеген Цхададзе жігіттеріне ауыр міндет жүктелді. Алайда, қанша тырысса да алматылықтар есепті теңестіре алмады. Аршавин мен Исламханның белсенді сол қанаты да нәтиже бермеді. Әуелете асырылған пастар "Астана" қорғаушыларынан өтпей жатты. Ойынға тыңнан қосылған Джордже Деспотовичта есепті еселей түсер мүмкіндік болған. Дегенмен, серб футболшысының еркін соққы бағыттауына Бакаев кедергі жасап үлгерді.

«Астана» тарихындағы үшінші кубогына қол жеткізді. Сонымен қатар, тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атағымен қоса, ел кубогының бас жүлдесін де бір маусымда жеңіп алды.

Қазақстан Кубогы. Финал.                                                        

«Қайрат» - «Астана» - 0:1

Голдар: Джуниор Кабананга 48

Ескертулер: Бауыржан Исламхан 51, Жарко Маркович 90+3-Юрий Логвиненко 51

«Қайрат»: Стас Покатилов, Исламбек Қуат, Сезар Арзо, Гафуржан Сүйімбаев, Анотолий Тимощук, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу

«Астана»: Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Игорь Шитов, Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Серікжан Мужиков (Таңат Нөсербаев 82), Патрик Твумаси (Джордже Деспотович 64), Жуниор Кабананга (Сергей Малый 87)

Төреші: Руслан Дұзмамбетов (Өскемен)

19-қараша. Алматы. «Орталық» стадион.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Тобыл 2 6-2 6
2 Астана 2 4-0 6
3 Ордабасы 2 6-1 4
4 Қайрат 2 2-1 4
5 Қызылжар 2 4-2 3
6 Ақтөбе 1 3-1 3
7 Женис 2 1-2 3
8 Атырау 2 1-1 2
9 Елимай 2 2-4 1
10 Туран 2 0-2 1
11 Жетісу 1 0-2 0
12 Қайсар 2 1-6 0
13 Шахтер 1 0-6 0
Футболист недели Апта үздігі
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
9
Поиск по сайту
Наверх