Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
848
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2776
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
914
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
832
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
607
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Топтық кезеңдегі алғашқы жеңіс!

25 нояб. 2016, 16:45 | 1385
Кеше қазақ футболында тарихи жағдай орын алды. Еурокубоктың топтық кезеңінде қазақ клубы алғаш рет қарсыласты қапыда қалдырды. Еуропа лигасының бесінші турында елордалық «Астана» үш жыл бұрын қарағандылық «Шахтердың» қолынан келмеген, былтыр алты ойында өзі аса алмаған белесті бағындырды. Станимир Стойлов серкелері өткен жылғы еурокубоктен бері жақсы таныс кипрлік АПОЭЛ-ды 2:1 есебімен жеңді.

Ойын алдында «Астанаға» жеңістен басқа нәтиже керек еместігі көп айтылған еді. Топтан шығатын соңғы мүмкіндік АПОЭЛ-ға қарсы матч болатын. Әйткенмен, алғашқы минуттарда «Астана» футболшыларында өз алаңында бұрын байқалмайтын қобалжу сезілді. Дмитрий Шомко екінші минутта-ақ сары қағазбен жазаланды. Бірінші қауіпті сәт жиырма бесінші минутта орын алды. Шомконың шірене тартқан соққысы қақпадан сәл ғана қиыс кетті. Қонақтар отыз бірінші минутта есеп ашып алды. АПОЭЛ сапындағы ең қауіпті футболшы Эфрем айып алаңға ене бере Ненад Эричтің қақпасына қитұрқы соққы бағыттады. Алыс бұрышқа ұшқан допқа серб қақпашысы қарсы айла таба алмады. Алайда, есепте алға шығысымен, Томас Кристиансен командасы он адаммен қалды. Орталық қорғаушы Астис Джуниор Кабанангаға қарсы тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. «Астана» еншісінде бірінші таймда он минуттай уақыт қалғанымен, алаң иелері тұшымды шабуыл жасай алмады.

Екінші тайм басталысымен елордалықтар АПОЭЛ футболшыларын өз қақпасының маңынан шығармады. Джордже Деспотовичта қорғаушының қателігінен кейін тамаша мүмкіндік болған. Дегенмен, Бой Ватерман ерледі. Ал, келесі бір сәтте қателікке бой алдырды. Бұрыштамадан Серікжан Мужиков асырған допты ұстай тұра, қолынан шығарып алды. Қақпашының жанында тұрған Марин Аничич қырағылық танытып есепті теңестіріп кетті. Таразы басын теңестіріп алған «Астана» футболшылары шабуылдауды тоқтатпады. Игорь Шитовтың орнына Таңат Нөсербаевты шығарып, Станимир Стойлов алдыңғы шепті күшете түсті. Қонақтарда шабуылды ойлар дәрмен жоқ еді. Айып алаңы ішіне еніп кеткен допты алға тебумен болды. Азат Нұрғалиев Серікжан Мужиковты алмастырды. «Астананың» қысымы түбі өз жемісін берді. Дмитрий Шомконың пасын айып алаңда шайқаса жүріп голға ұластырған Джордже  Деспотович «Астанаға» топтық кезеңдегі алғашқы жеңісті сыйлады.

Еуропа лигасы. «B» тобы. 5-тур.                            

«Астана»(Астана, Казақстан)  - «АПОЭЛ» (Никосия, Кипр) - 2:1

Голдар:  Марин Аничич 59, Джордже Деспотович 84- Георге Эфрем 31

Ескертулер: Дмитрий Шомко 2, Неманья Максимович 87, Марин Аничич 89, Джуниор Кабананга 90-Нуну Мораиш 75

Қызыл қағаз: Иньяки Астис 33

«Астана»: Ненад Эрич (К) - Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Игорь Шитов(Таңат Нөсербаев 77) - Рохер Каньяс, Неманья Максимович - Серікжан Мужиков(Азат Нұрғалиев 81), Абзал Бейсебеков, Джордже Деспотович - Джуниор Кабананга(Сергей Малый 90+3).

АПОЭЛ: Бой Ватерман - Карлао, Иньяки Астис, Роберто Лаго, Живко Миланов - Игор де Камарго(Вандер 63), Нуну Мораиш (К), Винисиус, Георге Эфрем(Яннис Янниотас 81), Статис Алонефтис(Костакис Артиматас 35) - Пиерос Сотириу.

Төреші: Кевин Блом(Нидерланды)

24-қараша. Астана. «Астана-Арена».

Ойынның статистикасы:

Соққылар: 22 — 5

Дәл бағытталған: 7 — 1

Бұрыштама: 3— 2

Офсайдтар: 1 — 3

Допқа иелік ету: 66 % — 34 %

Пастар: 445-197

Пастың дәлдігі: 85 %-71 %

Тәртіп бұзу: 13-9

Сары қағаз: 4— 1

Қызыл қағаз: 0-1

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх