Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
958
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2889
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
1003
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
916
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
690
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Сырт алаңда сылбырмыз

09 дек. 2016, 01:30 | 1483
«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңін ірі жеңіліспен аяқтады. Соңғы ойында Швейцарияға қонаққа барып «Янг Бойзбен» жолыққан елордалықтар алаң қожайындарының үш добына жауап қата алмады. Топтағы үшінші жеңілісіне ұшыраған чемпионымыз бес ұпайымен көш соңында қалды.

«Астана» топтық кезеңде тұңғыш рет төрт қорғаушымен алаңға шықты. Жағдайға байланысты емес, бапкердің нақ шешімі болса керек, себебі, қосалқы құрамда бір орталық қорғаушы Сергей Малый қалды. Ал, алаңдағы орталық қорғаныс жұбын Юрий Логвиненко мен Игорь Шитов құрады. Қос қапталда әдеттегідей Абзал Бейсебеков пен Дмитрий Шомко. Орталық алаңда жазылмас жұп Рохер Каньяс пен Неманья Максимович болса, жартылай қорғаныстың сол шебінде Серікжан Мужиков, оң қапталында Патрик Твумаси. Шабуыл өтінде Джуниор Кабананга. Одан сәл артта Джордже Деспотович. "Янг Бойздың" бас бапкері қосалқы құрамның футболшыларына мүмкіндік берді. Негізгі құрамда екі 19 жастағы ойыншылар Линус Обексер мен Михел Эбишер орын алды.

Алғашқы минуттардан ойын баяу өрбіді. Қос команда да алға ұмтылуға асықпады. Бірінші соққы алаң қожайындарының еншісінде қалды. Леонарде Бертоненің алыстан тепкен добы қақпадан биік кетті. Осыдан кейін таймның аяғына дейін қауіпті сәт орын алмады. Мишель Эбишердің соққысы жол-жөнекей қорғаушының аяғына тиіп қақпаға маңдайшасынан сәл жоғары кетті. Ал, Патрик Твумасидің сол қапталдан айып алаңға әуелете асырған пасын Неманья Максимович баспен Иван Мвого қақпасын жақын жерден дәл көздей алмады. Айта кету керек, бірінші таймда екі команда да қарсылас иелігіне дәл соққы бағыттаған жоқ.

Екінші таймда алаң иелері қарқынды күшейтті. Игорь Шитов қателігінен кейін Ненад Эричтің іске шыңдап кірісуіне тура келді. Торстен Шиктің соққысын қайтарып, қақпаны голдан аман сақтап қалды. Қырсық шалып сол бір эпизодтан кейін Юрий Логвиненко жарақат алып қалды. Орнына Сергей Малый шықты. Осыдан кейін, айналдырған он минуттың ішінде қақпамызға голдар қарша борады. Алаңға шыға салысымен, 22 жастағы Михаэль Фрай жерлете жойқын соққы бағыттап, алғашқы допты дарытты. «Янг Бойздың» үздік сұрмергені Гийом Оаро да көзге түсті. Шиктің пасынан кейін бос қалған қақпаны дәл көздеп, топтық кезеңдегі бесінші голын соқты. Ойында өте белсенді болып, «Астана» қорғаушыларына қарсы еркін көсілген австриялық Шик те қанжығасын майлап, есепті 3:0-ге жеткізді. Соңғы минуттарда Максимовичте жақсы мүмкіндік болған еді. Алайда, серб футболшысы айып алаң ішінде бір қорғаушыдан айла асырғанымен, өткір бұрыштан Мвогоның иелігіне доп дарыта алмады.

Маусымдағы соңғы матчында Стойлов шәкірттері жанкүйерлерді қуанта алмады. Швейцарияның күміс жүлдегеріне сөзсіз тізе бүкті. «Астана-Аренада» ұпай тартып алғанымен, қонақта қауқарсыз болды. Жалпы, топтық кезеңде қонақтағы бірде-бір матчта тұшымды ойын өрнегін көрсете алмады. Өзіміздің жасанды алаңда қарсыласты аяқтан шалуға күш жетсе де, жат жерде жасқаншақтаумыз.

Еуропа лигасы. «B» тобы. 6-тур.                           

«Янг Бойз»(Берн, Швейцария)  - «Астана» (Астана, Қазақстан) - 3:0

Голдар: Михаэль Фрай 63, Гийом Оаро 66, Торстен Шик 71

«Янг Бойз»: Ивон Мвого - Скотт Саттер, Касим Нуху, Стив фон Берген, Линус Обексер (Лорис Бенито 67), Секу Саного - Александр Герндт, Мишель Эбишер (Михаэль Фрай 60), Леонарде Бертоне, Торстен Шик - Гийом Оаро (Квадво Дуа 83).

«Астана»: Ненад Эрич - Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко (Сергей Малый 56), Игорь Шитов, Абзал Бейсебеков - Рохер Каньяс, Неманья Максимович - Серікжан Мужиков (Абай Жүнісов 87), Патрик Твумаси, Джордже Деспотович (Геворг Наджарян 77) - Джуниор Кабананга.

Төреші: Клейтон Писани(Мальта)

9-желтоқсан. Берн. «Стад де Сюисс».

Ойынның статистикасы:

Соққылар:  15— 9

Дәл бағытталған: 8 — 1

Бұрыштама: 3— 6

Офсайдтар: 3 — 4

Допқа иелік ету: 60 % — 40 %

Пастар: 535-352

Пастың дәлдігі: 83 %-74 %

Тәртіп бұзу: 13-13

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх