Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
686
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2618
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
775
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
717
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
497
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Эксклюзив. Александр Бородюк: «Қайрат» басшыларымен бірден келісімге келдік»

28 дек. 2015, 16:44 | 2167
Бүгін «Қайрат» футбол клубының жетекшілері команданың жаңа бас бапкерін жұртшылыққа таныстырды. Бір айдан астам бос тұрған орынға ресейлік маман Александр Бородюк келді. Енді ол клуб тізгінін үш жыл ұстайтын болады. Жаңа бапкер келісім-шартқа қол қойғаннан кейін, біздің портал тілшісінің біршама сұрақтарына жауап берді.

- Александр Генрихович, жаңа жұмыс орныңыз құтты болсын... Клубпен келіссөздер қанша уақыт жүрді?

- Рақмет. «Қайратпен» Келіссөздер ұзақ болған жоқ. Өткен аптаның басында клуб басшылары маған өз ұсыныстарын жасады. Команданың алдағы мақсаттары мен клубтың қалай даму керек екендігін айтып берді. Мен де өзімнің ұсыныстарымды айттым. Сөйтіп, бірден келісімге келдік.

- Жалпы алматылық жанкүйерлер сізді қалай қарсы алды?

- «Қайрат» Қазақстандағы ең танымал ұжымдардың бірі ғой. Бұл клубтың атағы тек Қазақстан, Ресей жерінде ғана емес, ТМД елдерінде де жақсы тараған. Клубтың жанкүйерлері де өте көп. Бірақ, менің Алматыға келгенімді көп жанкүйерлер алдын ала білмеді. Сондықтан да көп жанкүйер қарсы алды деп айта алмаймын. Алайда, бұл үшін мүлде ренжіп отырғаным жоқ. Бастысы халық бізді матч барысында жақсы қолдаса екен. Стадионды лық толтырса екен деген ниетім бар.

- Команда басшылары алдағы маусымға қандай мақсаттар қойды?

- Мен енді ғана келісім-шартқа қол қойдым. Сондықтан әлі клуб жетекшілерімен бұл сауал туралы ашық сөйлескен жоқпын. Алдағы уақытта асықпай отырып әңгімелесетін боламыз. Дегенмен де, «Қайраттың» келесі жылы Қазақстан чемпиондығы үшін және Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын.

- Келер маусымда жанкүйерлер «Қайрат» құрамынан қандай жаңа футболшыларды көруі мүмкін?

- Шынымды айтсам, бұл сұраққа дәл қазір нақты жауап бере алмаймын. Бірақ, жаңа ойыншылар болады. Мүмкін клуб қатарында биыл ойнаған футболшылардың кейбірі кететін де шығар. Біз мүмкіндігінше команданың негізгі футболшыларын сақтап қалуға тырысамыз. Содан кейін қай позицияға футболшылар керек екенін анықтап, клуб басшыларымен бірге бұл сұрақтың жауабын шешетін боламыз.

- Жаңа командадағы жұмысыңызды қашан бастайсыз?

- Дәл қазір бастап кеттім десем де болады. Енді футболшылармен ақырындап танысамын. Ал, жаңа маусымға дайындықты келер жылы бастайтын боламын. Өйткені, қазір футболшылардың барлығы демалыста. Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатқан шығар. Айтпақшы, барша қазақстандық жанкүйерлерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

- Әңгімеңізге рақмет. Жұмысыңызға тек сәттілік тілейміз!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет - sportbox.ru

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх