Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
951
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2883
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
999
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
912
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
684
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Жұмасқалиевтің жазығы неде?

18 дек. 2016, 22:40 | 1609
Желтоқсан айының басында «Тобыл» басшылығы команданың аңызға айналған футболшысы — Нұрбол Жұмасқалиевпен қоштасатыны туралы мәлімдеген еді. Мұндай жаңалық қостанайлық жанкүйерлердің жағасын ұстатты. Себебі, де жоқ емес. 15 жыл бойы бар өмірін «Тобылға» арнаған тарланбозбен жанкүйерлер дәл осылай қоштасамыз деп ойлаған жоқ. Бұған дейін де Нұрболдың командадан кетуі туралы біраз мақала шыққан болатын. Оның барлығын да оқыдық. Бірақ, сол материалдардың барлығында капитанның командадан не үшін кеткені туралы айтылмады. Ал, біз бұл мақаламызда Жұмасқалиевтің кету себебін анықтап көрмекпіз.

15-ші желтоқсан күні «Тобыл» жанкүйерлерінің талабынан кейін, клубтың басшысы Талғат Баймұратов бір топ жанкүйерлермен кездесті. Әрине, бұл жиындағы басты сауал Нұрболдың командадан кетуі болды.

Бұл сұраққа Талғат Баймұратов – «Нұрбол бас бапкердің талабына сай келмейді» дегендей етіп жауап берді. Расында, Нұрбол бас бапкердің талабына сай емес пе? Иә, соңғы маусымдарды Жұмасқалиев жақсы өткізді дей алмаймыз. Оның үстіне биыл маусым соңында алаңнан қуылып, 7 ойынға шеттетілді. Жасы да егде. Бірақ, Нұрбол әлі де өзіне тек биік мақсаттар қоятын, кәсіпқой футболшы. Сондықтан, капитан Омари Тетрадзенің тактикасына сай келмейді деп айта алмаймыз. Өйткені, қазір «Тобыл» сапында саудың асын ішіп, ауырудың добын теуіп жүргендер жетіп артылады.

Мәселе басқада. Естеріңіз де ме, жоқ па білмеймін. Өткен жылы Евгений Ловчев (кіші Ловчев) қазақстандық порталдардың біріні үлкен сұқбат берген еді. Бұл жерде Ловчевтің Жұмасқалиевқа қатысы қанша деп ойлап отырған боларсыздар. Евгенийдің Нұрболға тікелей қатысы бар. Өйткені, ол «Тобыл» капитанының агенті.

2012 жылы Нұрболдың «Тобылға» ауысып келгенінен соң осы азамат былай деп сұқбат берген еді: «Мен өмірімдегі ең бір сәтті келісімдерді «Тобылмен» жасадым. Нұрбол Жұмасқалиевті командаға қайта алып келдім. Енді маған «Тобыл» Нұрбол карьерасын аяқтап, 50 жасқа толғанға дейін жылына 100 мың АҚШ долларын төлеп отырады».

Әрине, Нұрбол мансабын аяқтаса, агенті ақша алмайтыны белгілі. Алайда, Нұрбол үшін Евгенийдің агенттік орталығы «Тобылдан» жыл сайын 100 мың АҚШ долларын алатыны анық. Былайша қарағанда ауаға ұшып жатқан ақша. Агентке төленіп отырған қыруар ақшаны тоқтату үшін, "Тобыл" басшылары осындай шешімге келуі бек мүмкін.

Міне, осы жағдайды клуб басшылары жанкүйерлерге тиянақтап айтпас үшін, бар былықты бапкерге аударуы да ықтимал.

Енді бұл жерде Нұрболдың жазығы неде деген сауалды қарастырып көрейік. Жұмасқалиевтің бар жазығы өзінің карьерасын Ловчевке тапсыруында. Осы жағдайға байланысты клуб та, Жұмасқалиев та ашық сұқбат бермей отыр.

Нұрболдың жағдайы не болмақ деген сауал қостанайлық жанкүйерлердің көкейінде жүр. Шыны керек, Жұмасқалиев жерге қарап қалмайды. Қазақстанның көп клубы бұл аяқдопшыны алуға қарсы емес. Тек Нұрболдың өзі келіссе болды.

Одан бөлек, карьерасын аяқтауы да мүмкін. Егер мансабын аяқтаса, «Тобылдың» бапкерлер қосынына қосылуы әбден мүмкін. Талғат Баймұратовтың айтуынша, клуб ойыншыға мұндай ұсыныс жасаған да екен. Таңдау тағы да Нұрболдың өз еркінде...

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх