Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
286
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
360
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
207
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1079
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
525
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Шабуылшы тәрбиелеуден шорқақпыз ба?

27 дек. 2016, 16:10 | 3012
Биыл ел біріншілігінде өнер көрсеткен он екі команданың онында шет елдік шабуылшылар клубтың үздік сұрмергені атанды. Осы сандарды қарап отырып біз шабуылшы тәрбиелеуден шорқақ екенбіз деген ой келеді, деп жазады KazFootball.kz порталы.

Біз осы материалды жазардан бұрын ел ішіндегі барлық командаларда қанша қазақстандық шабуылшы өнер көрсететінін қарап шықтық. Бұл көрсеткіш те көңілден шықпайды. Нанбасаңыздар, тағы бірге санап шығайық.

«Астана» - Таңат Нөсербаев, «Ақтөбе» - Абат Аймбетов, Сергей Лисенков, Алексей Щеткин, «Ордабасы» - Дәурен Қайқыбасов, «Ертіс» - Роман Муртазаев, Виталий Ли, «Тобыл» - Сергей Хижниченко, Темирлан Эльмурзаев, «Оқжетпес» - Әлібек Бөлешев, Жасұлан Молдақараев, «Тараз» - Дәуренбек Тәжімбетов, «Шахтер» - Айдос Тәттібаев, Сергей Ветров, Андрей Финонченко, «Жетісу» - Асылан Әділ, Тоқтар Жаңғылышбай, «Ақжайық» - Қуаныш Бегалин, Алексей Мальцев. Ал, «Қайрат» пен «Атырау» командаларында биыл қазақстандық шабуылшылар мүлдем ойнаған жоқ.

Жағдай міне, осылай. Тіпті, біз тізімге енгізген кейбір шабуылшылар өз клубтарында өндіріп ойнаған жоқ. Бұл шабуылшылардың арасында Роман Муртазаев пен Сергей Хижниченко ғана өз ұжымдарының үздік шабуылшысы атанса, Нөсербаев, Щеткин, Бөлешов, Молдақараевтар 6 голдан соқты. Ал, басқа командалардың барлығында да үздік шабуылшы атағы шет елдік ойыншыларға бұйырды.

«Астанада» мұндай атақ Джордже Деспотовичқа (10 гол) бұйырса, «Қайратта» - Жерар Гоу (22 гол), «Ордабасы» - Александр Гейнрих (10 гол), «Ақтөбе» - Никита Бочаров (7 гол), «Оқжетпес» - Серж Бандо (9 гол), «Атырау» - Владимир Аржанов (8 гол), «Шахтер» - Деслей Уббинк (6 гол), «Ақжайық» - Фредди Коронель (8 гол), «Тараз» - Малик Мане (13 гол), «Жетысу» - Душан Савич (10 гол).

Иә, біз батысқа қарап бой түзеуге құмармыз. Бірақ, бүгінде сол батыстың өзінде шабуылшыларды дайындауға ерекше көңіл бөліп отыр. Бізде болса, айналдырған 3-4 шабуылшыға қарап отырамыз. Сөйтіп, ұлттық құрамаға келгенде шам жағып шабуылшы іздейміз. Өйткені, бас бапкер Талғат Маруанұлында таңдау жоқ. Тек Муртазаев пен Хижниченкоға қарап отырады.

Олардың өзі жарытып жүрген жоқ. Биыл ұлттық құрама соққан алты голдың тек екеуін ғана Хижниченко соқса, қалған төртеуін жартылай қорғаушылар мен қорғаушылар ұрды.

Қазақстанды шабуылшы тәрбиелеуден шорқақ дей алмаймыз. Әйтпесе, Тлешев, Сүймағанбетов, Финонченко, Лунев, Литвиненко, Мазбаев секілді мықтылар шықпас еді. Санамалай берсек біздің футбол тарихында мықты шабуылшылар көп болған. Қазір тек шабуылшыларға көңіл бөлінбейді.

Бұдан бұлай бір пәс сол жас шабуылшыларға көңіл бөлінсін, сенімнен шығады. Дәлел де бар. Мысалы, Сапаров, Тұңғышбаев, Төлебек, Сүлей, Жалмұқан секілді жас ойыншыларға биыл сенім артылған еді. Ақталды. Енді осы тәжірибиені шабуылшылармен де жасап көрсе, көрсеткіш жемісін береді. Болмаса, бұдан кейін қазақ ойыншылары соққан әр голды алтынға балап, сарғайып күтуге де жетіп қалуымыз мүмкін...

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх