Главное Маңызды
27 сент. 2026, 01:47
1696
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип прокомментировал матч первого тура общего этапа Лиги Наций Фарерских островов (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:
26 сент. 2026, 22:52
1814
Сборная Казахстана в гостевом матче первого тура общего этапа Лиги Наций сыграла вничью с Фарерскими островами со счетом – 1:1, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
26 сент. 2026, 09:38
2142
Старший тренер молодежной сборной Казахстана U-21 Владимир Чебурин прокомментировал матч отборочного турнира чемпионата Европы-2027 против Англии U-21 (2:4), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:
25 сент. 2026, 22:39
1494
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча Лиги Наций УЕФА против Фарерских островов, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:
22 сент. 2026, 15:48
1764
Старший тренер молодежной сборной Казахстана U-21 Владимир Чебурин дал комментарий перед гостевыми матчами отборочного турнира молодежного чемпионата Европы 2027 года, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:

Абзал Бейсебеков "Астанамен" келісім-шартын ұзартты

24 февр. 2016, 14:47 | 2105
Елордалық "Астана" клубының қорғаушысы Абзал Бейсебеков командамен келісім-шартын ұзартты, деп хабарлайды Kazfootball.kz порталы.

23 жастағы қорғаушының келісім-шарт мерзімі 2015 жылдың соңында аяқталған болатын. Бірақ, Бейсебеков басқа клубқа ауыспай, маусым басындағы екі оқу-жаттығу жиындарын елордалық клубпен өткізген. Сол жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша, клуб Абзалды командада қалдырып, жаңа келісім-шарт ұсыныпты. Біздің қолға жеткен мәліметтер бойынша, клуб футболшымен шартнамасын тағы бір жылға созыпты. 

Айта кетейік, Абзал Бейсебеков "Астана" қатарына 2012 жылы ауысып келген болатын. Ал, оған дейін "Қайрат (2010), "Восток (2011) сапында ойнаған. 2013/14 жылғы маусымда жас қорғаушы Польша біріншілігінде өнер көрсететін "Корона" сапына қосылды. Алайда, шет елде Абзал көп тұрақтамай, 2014 жылғы маусымның басына "Астанаға" қайта келген.

Жалпы, Бейсебеков футболдан ел біріншілігінде осы уақытқа дейін 120 кездесу өткізіп, 2 гол соққан. Чемпиондар лигасында 8 кездесуге қатысса, Еуропа лигасында 10 кездесуде ойнап, 1 мәрте көзге түскен. 

Сурет: uefa.ru

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 26 51-18 61
2 Қайрат 26 51-20 57
3 Астана 25 42-25 48
4 Оқжетпес 26 41-35 45
5 Ақтөбе 26 38-31 42
6 Елімай 25 35-33 38
7 Тобыл 26 33-35 34
8 Жеңіс 26 26-32 32
9 Ұлытау 26 24-32 32
10 Каспий 26 27-36 29
11 Ертіс 25 26-34 26
12 Алтай 26 26-36 25
13 Қайсар 26 22-33 24
14 Қызылжар 26 26-40 24
15 Атырау 25 18-28 23
16 Жетісу 26 26-44 22
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Защитник Қорғаушы
23
Поиск по сайту
Наверх