Главное Маңызды
03 окт. 2024, 20:00
132
Главный тренер «Ордабасы» Кирилл Кекер прокомментировал матч 22-го тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
03 окт. 2024, 19:50
139
Главный тренер «Кызылжара» Али Алиев прокомментировал матч 22-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
03 окт. 2024, 18:46
119
Нападающий «Атырау» Николай Сигневич публично попросил прощения за эмоциональный комментарий исхода финального матча Кубка Казахстана против «Актобе» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу «нефтяников».
03 окт. 2024, 17:09
161
Экс-нападающий алматинского «Кайрата», «Актобе» и сборной Руанды Жерар Гоу завершил игровую карьеру, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
03 окт. 2024, 13:06
304
Главный тренер «Ордабасы» Кирилл Кекер поделился с QFL.KZ текущим положением дел в клубе и оценил шансы на завоевание «золото» Премьер-лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Тимур Сисенов: "Қазіргі футболшылар бақытты"

01 янв. 2016, 01:30 | 3192
Соңғы кездері елімізде шабуылшылар азайып кетті. Ел футболында мұндай мәселе туындайды деп кезінде ешкім ойламады. Осыдан он жыл бұрын барлығы шабуылшы болуға тырысатын. Чемпионатымызда олардың саны қазіргіден көбірек еді. Осы тақырып аясында біз шабуылшы, Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Тимур Сисеновпен сұқбаттасқан едік.

– Тимур, Сіз жалпы футболды Шымкентте бастадыңыз ғой? Ол кезде жағдай қалай еді?

– Негізі мені ата-анам Шымкенттегі гимнастика үйірмесіне алып барды. 6 жаста аса қатты спорттың маңызын түсіне бермейсің ғой. Одан кейін 11 жасымда футболға аяқ бастым. Бір досым қоймай жетелеп алып барды. Соның арқасында футболға келдім. Алғашқы бапкерлеріміздің есімі әлі жадымда. Юрий Савин және Владимир Майоров деген кісілер болатын.

– Одан кейін кәсіпқой футболшы болдыңыз?

– Қазақстанның көптеген командаларында өнер көрсеттім. Есімдері жиі ауысатын Шымкенттік ұжымдарда ойнадым. Ең соңында спорттық ғұмырымды «Тараз» клубында аяқтадым. Шынын айтсам ол клубтан көңілім қалды. Басшылары уәделерінде тұрмай кетті. Ал, Тараз қаласы, адамдары ұнайтын. Жанкүйерлер онда керемет еді. Амал жоқ, әлгіндей жағдайлар футболмен көңілді қоштасуға мүмкіндік жасай қоймады.

– Есіңізде қалған ойындар қандай?

 – «Томирис» сапында ойнап жүрген кезімде талдықорғандық команданы жеңдік. Сол ойында алғашқы 18 минутта мен 3 доп соғып, хет-трик жасадым. Сосын «Таразда» жүрген кезімде «Қайратты» 2-1 жеңдік. Сол ойында дубль авторы атандым.

1994 жыл. Бауыржан Баймұхамедов баптаған Қазақстан Ұлттық құрамасы. Шабуылшы Тимур Сисенов астыңғы қатарда, нөмірі 13. 

– Сол 90 жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басында ойнадыңыз. Ол кезде футболшылар қанша жалақы алды?

– Жалақы ол кезде орташа болатын. Қазіргіден әлдеқайда аз, әрине. Жалақыдан бөлек футболшының құқығы деген ауыр тақырып болатын. Біздің құқықты ешкім қорғамайтын. Жалақы кешігіп түседі. Кейде кейбір клубтар жалақыны сол күйі бермей де кете беретін. Сыйақы береміз деп алып, талай команда сөзінде тұрмады. Ал, қазіргі футболшылар бақытты. Оларда мұндай мәселелер мүлде жоқ. Олардың құқықтары қорғалған.

– Ал, қазір де футбол саласында қызмет атқарады екенсіз?

– Футболмен қош айтысқаннан кейін Павлодарға көштім. Бірақ, көп жүрмей футбол саласына қайта келдім. Бұл жолы футболшы ретінде емес, жаттықтырушы ретінде. Қазіргі күні спорт орталығының жастар бөлімінде балаларды жаттықтырамын. Қазіргі жұмысым өзіме ұнайды. Тіпті, жұмыс деп те айта алмаймын, жаныма жағатын іс десем болатын шығар.

– Сұқбатыңызға рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 20 32-18 39
2 Елімай 21 34-26 37
3 Қайрат 19 28-16 35
4 Ақтөбе 20 32-22 34
5 Астана 18 23-16 31
6 Тобыл 19 28-19 30
7 Атырау 18 18-13 26
8 Қайсар 20 18-22 25
9 Жетісу 20 16-23 23
10 Қызылжар 20 18-21 19
11 Тұран 18 14-25 19
12 Жеңіс 19 12-28 14
13 Шахтер 20 9-33 9
Футболист недели Апта үздігі
Чинеду Джеффри
Чинеду Джеффри
Чинеду Джеффри
Чинеду Джеффри
Нападающий Шабуылшы
9
Поиск по сайту
Наверх