Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
289
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
362
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
208
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1081
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
526
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Мен шықпаған тау бар ма?! Қазақ футболындағы "көшпенді" футболшылар кімдер?

01 янв. 2016, 21:30 | 2392
Қазақ футболының аңыз ойыншыларының бірі Самат Смаков өткен маусымды “Ақтөбе” сапында бастағанымен, “Ордабасы” командасында аяқтады. Бұл оның спорттық мансабындағы сегізінші командасы! Сөйтіп, осыған дейін еліміздің бір қатар мықты клубтарында капитандық міндетті абыроймен атқарған атақты футболшыға шымкенттік жігіттерді де жасыл алаңға бастап шығудың мүмкіндігі туды.

Жалпы, Қазақ футболында жиі команда алмастыратын ойыншылар жетерлік. Тіпті, әр жылда әрқалай клубтың жейдесін киетін жігіттер де кездесіп жатады. Қазақстан футбол клубтарында трансфер мәселесі өте оңай шешіледі ме, әлде футболшы мен команда арасында пісіп-жетілген келісім-шарт жүйесі әлі қалыптаса қоймады ма, әйтеуір, біздің футболшылар команда алмастырауға шебер.

Әлем футболында ұзақ жылдар бойына бір командада өнер көрсеткен футболшыға түрлі құрмет көрсетіліп жатады. Мәселен, стадионға сол футболшының атын беру, ескерткіш мүсінін орнату, болмаса, сол ойыншы ұзақ жылдар бойы таққан нөмердің “мансабын аяқтау” (сол нөмердің бұрынғы иесіне құрмет іретінде бұдан кейін басқа футболшының тағуына болмайды). Италиялық “Интер” командсы Хавьер Дзанетти үшін төртінші нөмерлі жейдені “мәңгілік демалысқа шығарған” болатын.

Бір командаға берілген футболшылар жайлы айтқанда Франческо Тоттиды (“Рома”), Джанлуиджи Буффонды (“Ювентус”), Джон Терриді (“Челси”) еске алатынымыз сөзсіз. Бар өмірін бір клубқа арнап, өз жанкүйерлерінің шексіз сүйіспеншілігіне ие болған бұндай футболшылар біздің елде де жоқ емес, бірақ санаулы ғана. Жасыл алаңдағы күш-жігерін “кеншілер” үшін сарқыған Андрей Финонченко 15 жыл бойы тек “Шахтер” сапында өнер көрсетіп келеді. Арасында бір-екі жыл басқа команданың жейдесін кигенімен, спорттық мансабының басым бөлігін “Тобыл” сапында өткізген Нұрбол Жұмасқалиевті де ерекше атап айтуымызға болады. Сәл ертеректен сөз қозғар болсақ тағы да “Шахтерды” атауымызға тура келеді. Андрейден бұрын Руслан Иманқұлов қарағандылық клубтың сапында 15 жыл тұрақты өнер көрсеткен болатын.

Бірақ, баста айтқанымыздай бұндай “тұрақты” футболшылар біздің елде көп емес. Жиі команда алмастыру қазақ футболының ерекшелігіне айналғандай. Енді еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытты үш кезеңге бөліп, әр кезеңде ең көп команданың намысын қорғаған футболшыларды саралап көрейік. Біз бұл жерде тек қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс футболшыларды ғана қарастырғанымызды айта кеткеніміз жөн.

Алғашқы жылдар

1. Игорь Авдеев (14 команда)

Қазақстан Ұлттық құрамасының үздік сұрмергендерінің бірі Игорь өзінің жиырма жылдық спорттық өмірінде 14 команданың жейдесінде өнер көрсеткен екен. Алматы қаласының тумасы футболдағы жолын Алматыда бастаған. 18 жасында алматылық “Олимпия” командасында бастаған жасыл алаңдағы сапары “Тараз” клубында жалғасын тапқан екен. Әрі қарай ресейлік “Ротор”, “Алания”, “Локомотив-НН”, қазақстандық “Мұнайшы” (“Каспий”), “Есиль-Богатырь” (“Қызылжар”), “Жеңіс, “Шахтер” “Қайрат”, “Локомотив” (“Астана”), “Восток”, “Оқжетпес”, ЦСКА командаларының намысын қорғаған болатын. Бір клубта екі жылдан артық тұрақтамаған екен. Жиырма жылда он төрт мәрте команда алмастыру Игорь Геннадьевичке кері әсерін тигізбеді дей алмаймыз. Егер бір команда да тұрақты өнер көрсеткенде Қазақстан чемпионатының үздік мергендерінің бірі болуы мүмкін еді.

2. Олег Литвиненко (11 команда)

Тараз футболының түлегі Олег Литвиненко да Қазақстан Ұлттық құрамасында “көп” гол соққан ойыншылардың бірі саналады. Өкініштісі Олег Фёдорович өз мансабын көшіп-қонумен өткізген футболшы саналады. Жасыл алаңда жүрген 17 жылда 11 мәрте команда алмастыру дегеніңіз енді тым ақылға қонғысыздау жағдай. Қазақстан чемпионатының екі мәрте үздік сұрмергені (1994-1998) атанған ол ілгерінді-кейінді 11 команданың жейдесін киген екен. Өз кезіндегі еліміздің ең мықты деген командаларының намысын қорғаған. “Жеңіс”, “Елім-ай” (“Спартак”), “Ертіс”, “Ақтөбе-Ленто” (“Ақтөбе”) бәріде өз дәуірінің мықтылары болатын. Ол тіпті Кипр чемпионатына барып, “Эрмис Арадиппу” деген команда сапында бақ сынаған.

3. Руслан Балтиев (10 команда)

Қазақстан Ұлттық құрамасының қазірге дейінгі ең үздік сұрмергені Руслан Балтиев та бір клубта тұрақтап тұрып өнер көрсеткен жоқ. Команданы жиі алмастырғандықтан болар Қазақстан чемпионатында көп гол соғып, көзге түсе алған жоқ. Ұлттық құраманың сұрмергені болғанымен, Премьер-лига мергендерінің тізімінде тым төмен орналасқан. Бұның тағы бір себебі, Руслан бес-алты жылын Ресейде өткізді. Ресейлік бес, қазақстандық бес ‒ жалпы он команданың жейдесін киген ол жасыл алаңмен сәл ерте хош айтысты. Бар болғаны 34 жасында мансабын аяқтады.

4. Олег Воскобойников (9 команда)

Қазақстан чемпионатының үш мәрте “жыл ойыншысы” атанған даңқты қақпашы да жиі команда алмастыратындар қатарында. Тоғыз команданың қақпасын қорғаған Олег 13 мәрте команда алмастырып үлгірген. Себебі “Ордабасы” жейдесін үш рет кисе, “Тараз” қақпасын екі кезек күзеткен екен. Мансабының көбін Шымкентте өткізгенімен, ең шұғылалы сәттерін “Тараз” сапында өткізді. Осы командада жүріп екі жыл қатарынан “жыл футболшысы” атанған.

5. Серік Жейлітбаев (10 команда)

Қарағандылық жартылай қорғаушы өз мансабында он клуб алмастырған болса да, сәл соңына қарай жазып отырған себебіміз, бұл кісі өте көп кездесу өткізген. Ел чемпионатында табаны күректей жиырма жыл тер төгіп, 457 кездесуде алаңға шыққан екен. Серік Нұрмағамбетұлы спорттық жолын Алматыда бастаған. 1992 жылы “Қайрат” командасымен бірге Қазақстанның ең алғашқы чемпионы атанған. “Ертіс” командасында ең көп тер төккен, осы командамен бірге екі мәрте ел чемпионы болған. Бұдан бөлек “Шахтер”, “Жетісу”, “Восток” командаларының жейдесін киген Жейлітаев Ресей, Түркіменстан чемпионаттарында да өнер көрсеткен екен.

Жаңа ғасырдың бас кезі

1. Александр Киров (13 команда)

Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Александр Киров 14 жылдық мансабында 13 командада өнер көрсеткен. Тіпті, бір командада екі жыл тұрақтап көрмеген кезбе қорғаушы он төрт жылда он бес мәрте трансферлік ауысым жасаған екен. Демек, кейде бір жылда екі рет команда алмастырған болып шығады. Ең көп тұрақтағаны “Шахтер” командасы, сосын “Астана”. Ал, “Каспий”, ”Сұңқар”, “Восток”, “Ақтөбе”, “Атырау”, “Жетісу”, "Ертіс" командаларында бір жыл тұрып кете барған. Биыл “Тараз” командасына қосылғанымен, маусым соңына қарай ол командадан да кетіп қалды.

2. Давид Лория (10 команда)

Еліміздің аса танымал қақпашыларының бірі Давид Лория бүгінге дейін он команда сапында бақ сынаған екен. Оның ішінде қазақстандық командалардан бөлек Швецияның, Ресейдің, Түркияның клубтары да бар. Ғасыр басынан бері қарай ұлттық құраманың негізгі қақпашыларының бірі болып келе жатқан Давид та “Шахтер” сапында керемет өнер көрсетті. “Ертіс” командасына да көп көмектесті. 2012 жылы Түркия біріншілігіне барып бақ сынап қайтқан соң “Қайраттың” қақпасын күзетті. Өткен маусымды қайтадан “Ертіс” командасымен бірге өткізді.

3. Мұрат Тлешев (8 команда)

Жамбыл футболының және бір даңқты өкілі Мұрат Тлешев тіпті жыл сайын команда жаңалап отырды десек жаңылыспаймыз. Үлкен футболда жүргеніне 18 жыл, осы аралықта 16 мәрте команда алмастырып үлгірген. Бір жылда бір команда деуге әбден болады. Бірақ, он алты рет алмасты дегеніңізбен ол сегіз командада ғана өнер көрсеткен. “Тараз”, “Шахтер” командаларында екі кезек, “Ақтөбе”, “Ертіс”, “Астана-1964” командаларында тіптен үш кезектен доп тепкен. Бұлардан бөлек “Атырау”, “Ордабасы”, “Жетісу” командаларының да намысын қорғаған. Қазақстан чемпионатының үш дүркін үздік сұрмергені (2005, 2008, 2009).

4. Самат Смаков (8 команда)

Самат Смаковты Қазақ футболының аңызы дегенге келіспейтін жанкүйер жоқ шығар. Қазақстан чемпионатының алты дүркін чемпионы. Ел біріншілігін төрт түрлі командамен бірге ұтқан жалғыз футболшы. 1998 жылы “Елім-ай” командасымен, 1999 жылы “Ертіс”, 2004 жылы “Қайрат” сапында чемпион атанса, 2007, 2008, 2009 жылдары “Ақтөбені” бастап, қатарынан үш жыл чемпиондық атақты иемденді. Бұнымен қоса төрт мәрте “жыл футболшысы” атағын жеңіп алған. Бұл да тек Саматқа ғана бұйырған даңқ. Оның ел футболындағы үшінші рекорды: ұлттық құрама сапында ең көп кездесу өткізген футболшы саналады. Ел намысын халықаралық аренада 75 мәрте қорғаған. Соның көбінде команданы алаңға капитан ретінде бастап шыққан болатын. Негізі Самат Смаковты көп команданың өз қатарынан көргісі келуінің себебі де оның көшбасшылық қасиетіне қызыққандарынан болса керек. Осы күнге дейін “Қайрат”, “Ақтөбе”, “Ертіс”, “Ордабасы” командаларында капитандық міндет атқарып үлгерді. “Ордабасыны” қосқанда ол жалпы 12 мәрте команда алмастырып, 8 клубтың намысын қорғады. Сонымен қатар, оның Ресей, Түркия біріншіліктерінде де өнер көрсеткенін айта кетейік.

5-6. Қайрат Нұрдәулетов, Ренат Абдулин (8 команда)

Екеуі бір жылдың тумасы, 1982 жылы дүниеге келген. Футболды да бір команда сапында, бірдей уақытта бастаған. 1999 жылы алматылық “ЦСКА-Қайрат” құрамында үлкен футболға жол тартқан. Содан бері екеуі де 8 бірдей команданың жейдесін киіп үлгірді. 2005-06 жылдары “Қайрат” командасында қатар жүріп өнер көрсетті. Кейін екеуі де “Тобыл”, “Астана”, "Ертіс" командаларында доп тепті, бірақ бір уақытта емес. 2010 жылдан кейін Қайрат “Астанада” тұрақтап қалды да, Ренат “Атырау” мен “Ордабасының” намысын қорғады. Екеуі де ұлттық құраманың қорғаушысы болған. Нұрдаулетов "Астанадан" соң, "Қайсар", "Ақжайық" сапында өер көрсетті. Ұлттық құрамада капитан қызметін атқарды. 

7. Әлібек Бөлешев (8 команда)

Әлібек Бөлешев биыл Премьер-лигада бақ сынаған 12 команданың жетеуінде өнер көрсеткен екен. Мансабын “Жетісуда” бастағанымен, ең жемісті жылдарын “Қайрат” сапында өткізді. 2008 жылы Алматыдан кеткен соң өз қолайына жағатын команда таппай көп жүріп қалды. “Ақтөбе”, “Ордабасы”, “Атырау”, “Сұңқар” командаларында бақ сынағанымен, бәрі де тым сәтті бола қойған жоқ. Тек “Оқжетпес” командасынан ғана өзіне жайлы орын тапты. Төрт жылдан бері көкше клубында өнер көрсетіп келді. Аласа бойлы болғанымен, ол аса нәтижелі шабуылшылардың қатарынан. Ел чемпионатында жүзден асырып гол соққан санаулы футболшылардың бірі.

 Таяу он жыл

1. Сергей Хижниченко (8 команда)

Бар болғаны 25 жастағы шабуылшы бүгінге дейін сегіз команданың жейдесін киіп үлгірді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын Сергей “Шахтерде” жүргенде өте жоғары деңгейлі шабуылшы ретінде танылды. Сол кездері ұлттық құрамамыз кемінде бес-он жыл шабуылшы іздемейтін шығар деп күткен едік. Өкініштісі Польшаның “Корона” командасына барған соң өз деңгейін жоғалтып алды. Елге оралып “Ақтөбе” сапын толтырса да, ешқандай оң нәтиже бермеген болатын. Тек биыл “Тобыл” клубына барғалы адымы қайта ашылғандй болды. Ұлттық құраманың шабуылшысы оған дейін “Восток”, “Астана”, “Атырау” командаларында да өнер көрсеткен. Бізше Сергейдің бір командада тұрақтап, өз ойынын тапқаны оң болар еді. Өйткені ол әлі жас, болшағынан әлі де көп үміт күттіреді. Ең дұрысы жыл сайын команда жаңалай бермегені абзал.

2. Сергей Малый (8 команда)

Келесі Сергей Малый ‒ қорғаушы. Ол да жасы жетіп отырған ойыншы емес, бар болғаны 26 жаста. Бірақ, бұл жігіт те сегіз бірдей командада доп тепті. Сергей Малый негізі украиналық футболшы. Мансабын өз елінде бастаған. Сол жақта жүргенде-ақ команда алмастырғыш футболшы болған екен, бес жылда Украинаның төрт бірдей командасында өнер көрсетіпті. Қазақстанға келген соң да сол әдетін қоя алмаған Сергей үш-төрт жылдың ішінде тағы төрт командада өнер көрсетті. “Шахтердегі” сәтті ойынынан кейін, “Ордабасының” негізгі қорғаушысы болды. Одан кейін “Астана” мен “Ертіс” сапында доп тепті. Бүгінде ол ұлттық құрамамыз бен “Астана” клубының қорғаушысы. Біз Сергейдің бір команда сапында тұрақтап өнер көрсеткенін қалар едік.

3. Алмат Бекбаев (8 команда)

Қазақ футболшылары үшін ең бір кенжелеп тұрған позиция қақпашылық екені сөзсіз. Қазақтан шыққан санаулы ғана талантты қақпашылардың бірі Алмат Бекбаев да біраз уақытын команда жаңалаумен өткізіп алды. “Ордабасы”, “Қайсар”, “Ақжайық” командаларынан кейін Өзбекстанға барып бақ сынап көрді. Ол жақтан келген соң бірнеше мәрте команда ауыстырды. “Тобыл”, “Ақтөбе” клубтарының қақпасын күзетті. Биыл “Ордабасы” сапында ең маңызды кездесулерін өткізді. Жақында ұлттық құрамаға қайта шақырту алды. Өзіміздің талантты қақпашының сенімді өнер көрсетіп жүргеніне жанкүйерлерде марқайып қалды.

Бұлардан басқада бірқанша команда сапында доп тепкен футболшылар бар. Біз тек жетіден көп клубта өнер көрсеткен танымал футболшыларды ғана жаздық. Бүгінде ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама футболшыларынан Мақсат Байжанов пен Ұлан Қонысбаев алты; Азат Нұрғалиев, Елдос Ахметов, Серікжан Мужиков, Аслан Дарабаев, Стас Покатилов қатарлы жігіттер бес команда сапында өнер көрсеткен болса; Юрий Логвиненко, Ғафуржан Сүйімбаев, Ермек Қуантаевтар бар болғаны екі-ақ команда ‒ өз туған командасы мен қазіргі командасының ғана жейдесін киген екен.

Негізі футболшылар көрсеткен өнеріне қарай, деңгейіне қарай жаңа командаға алмасып отырады. Кейбірі жақсы өнер көрсетіп, мықты команда сапын толықтырса, кейбірі сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты нашар командаларға кетуге мәжбүр болады. Футболшылар бұдан басқа жағдайда, жалақы мәселесіне келіспеуден немесе клубтың басқа мүшелерімен ортақ тіл табыса алмаудың себебінен де бағын басқа жақтан іздеп жатады. Бірақ, біздің елде футболшылар тым жиі команда жаңалайды. Егер бір клубта бағы мен бағасы келісіп жатса, көп көше бермей, сонда тұрақтап, доп тепкен оң болар ма еді дейміз...

Қуаныш ҚАППАC

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх