Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
289
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
362
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
208
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1081
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
526
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Васильев-шоу" немесе "Ақтөбе" қалай құрдымға кетті?

01 янв. 2016, 22:50 | 1951
Қазақстанның бес дүркін чемпиондары өткен маусымда көңілге қаяу түсірді. Жыл басында тарыдай шашылып, қайта жасақталған команда зордың күшімен алғашқы алтылыққа енді. Бәзбіреулердің айтуынша, бұл тапсырманы да «Ақтөбе» клубы кейбіреулердің күшімен орындады екен-мыс.

"Васильев-шоу"

Қазір «Ақтөбе» туралы әңгіме қозғасақ әуелі ауызға команда емес, Дмитрий Пантелеевич Васильев келетін болды. Оған себеп те жоқ емес. Ресейлік маман клуб сапына келе салысымен жұртты аузына қаратты. Қымбат футболшылардың барлығын түгел босатып, олардың орнына көпшілік танымайтын ойыншыларды жинады. Олардың да көбі өз отандастары еді. Бапкерді де сол Ресейден алдырды. Бұған дейін үлкен клубта бас бапкер болып көрмеген Юрий Анварұлы Уткульбаевты қол астына жинады.

Содан соң футболшылардың агенттеріне ақша беруді доғарамын деп дабыл қақты. Иә, расында, Пантелеевич агенттердің аузын жапқан шығар. Бірақ, өзінің қомағайлығын тоқтата алмады. Соның салдарынан да бүгінде пәленбай ақшаны жеп қойды деген себеппен соттың алдында отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, үйқамауда.

2016 жылғы ел футболында ең көп әңгіме болған да осы маман. Маусым басында команда Еуропа лигасының бірінші айналымынан өте алмаса, бірінші алтылыққа кіре алмаса қызметімнен кетемін деген еді. Бірақ, уәдесінде тұрмады.

«Ақтөбе» Еуропа лигасының бірінші айналымында венгриялық МТК командасын айналып өте алмады. Содан соң Васильевті жанкүйерлер әуежайдан арнайы қарсы алып, «ашық әңгіме» құрған болатын. Әлеуметтік желілерге тараған видеода былапыт сөздердің айтылғанын да естіген едік. Әйтсе де, бұл жағдайдан кейін де ол қызметінен кеткен жоқ.

Ал, бірінші айналымның қорытындысы бойынша, «Ақтөбе» алғашқы алтылыққа кірді. Көптің көмегімен дейді ұзынқұлақ. Шымкенттік «Ордабасы» клубымен келісіп алды-мыс. «Ордабасы» 15-ші турда «Атырауды» жеңіп, «Ақтөбенің» жолын ашып берді.

Одан соң Ақтөбеде «Ордабасымен» 0:0, 4:4 есептері тіркелді. Бұл ойындардың әділ өтуіне де күмән келтіргендер көп болды. Оған да дәлел бар. Сол ойыннан кейін Дмитрий Васильев пен Бақтияр Бейсейітовтің телефон арқылы сөйлескен әңгімесі шықты. Ол әңгімеде шымкенттік команданың бас бапкері Васильевтің уәдесінде тұрмағанын айтты.

Осы бір мәселеге байланысты арнайы коммисия да құрылған еді. Тәуелсіз сарапшылар тағайындалды. Ресейден маман шақыртылды. Соңында жазбаның өтірік екені анықталды. Дегенмен де, бұл жазбадан кейін көпшіліктің көңілі күпті болып қала берді. Ал, Васильев ақталып шықты.

Тере берсек, биылғы жылы Васильевтің тыңнан тосын тартқан әрекеттері көп. Мұндай репутациямен ол еліміздегі телеарналардың біріне барып, бағдарлама ашса болады. Аты да дайын — «Васильев шоу». Еліміздегі бірнеше бағдарламадардың алдын орайтынына күмән жоқ.

Адуынды «Ақтөбе» қалай құрдымға кетті?

Бұрындары «Ақтөбе» десе, өзге клубтардың төбе шашы тік тұратын. Бірақ, бүгінде сол адуынды «Ақтөбеден» қауқар кете бастағандай. Жоғарыда айтқанымыздай, былтырғы маусымды жаңартылған құраммен басталды. Қазір енді бұрынғы директор Дмитрий Васильев жыл басында жастарға мүмкіндік береміз деп еді. Осы сөзінде тұрды. Командаға бірнеше жергілікті футболшыларды қалдырды да, қыруар ақша алатын аяқдопшыларды жан-жаққа таратты.

Командаға жыл басында Самат Отарбаев, Егор Азовский, Бағдат Каиров, Самат Смаков, Виктор Крюков, Кирилл Шестаков, Сергей Лисенков, Абылайхан Тотай, Тохтар Жаңғылышбай, Мұрат Тлешев секілді қазақстандық, Куасси Куаджа, Марат Ситдиков, Егор Сорокин, Михаил Петролай, Никита Бочаров, Бобир Давлатов, Сандро Цвейба, Илья Михалев секілді футболшылар қосылған еді. Одан бөлек, бас бапкер Юрий Уткульбаевта жаңадан келді.

Негізі «Ақтөбенің» алғашқы ойындардағы көрсеткіші жаман болды дей алмаймсыз. Он турдың қорытындысы бойынша, команда 15 ұпай жинап, 5-ші орында келді. Содан соң жағдай шамалы қиындай бастады. 20-шы турға дейін тағы небәрі 9 ғана ұпай жинап, 7-ші орынға түсіп қалды. Осы кезде Васильевтің «достары» көмекке келді. Екі алтылыққа бөлінер тұста директордың достары «Ақтөбенің» қарсыластарын сүріндіріп, бірінші алтылыққа қосып алды әйтеуір.

Осы аралықта командадан белгісіз себептерге байланысты Самат Смаков кетті. Капитан да шамасы Пантелеевичпен сөзге келіп қалса керек. Смаковтан бөлек, М.Петролай, А.Тотай, Т.Жаңғылышбай, И.Михалевтар кетсе, олардың орнына Антон Скворцов, Дмитрий Голубов, Лассина Дао, Вук Митошевич секілді ойыншылар келді. Шыны керек, командаға келген бұл футболшылардан түк пайда болмады.

Щеткин хикаясы

Трансферлік үзіліс кезінде біз санамалап берген футболшылардан бөлек, «Ақтөбе» сапына шабуылшы Алексей Щеткин келді. Негізі шабуылшы әжептеуір-ақ ойнап жүрген. 8 ойынға қатысып, 6 гол соқты. Алайда, «Астана» клубына қарсы кездесуден кейін Щеткиннің де басы дауға қалды. Бұл ойыннан кейін Д.Васильев — «Елордалықтар ер жігітке тән емес қылық жасады. Тіпті, Щеткинге ойынға қатыспа деп қоқан-лоққы жасады», - деп мәлімдеме жасады. Ал, Щеткин болса бұл сөздердің барлығын жоққа шығарып, ақырында командадан қуылды.

Отарбаев пен Ситдиков сенімді ақтады

«Ақтөбе» сапында биылғы жақсы жаңалықтардың бірі Самат Отарбаевтың өнері болды. Шымкенттік «Ордабасы» сапынан ауысып келген қақпашының екінші демі ашылғандай болды. Ол 28 ойынға қатысып, 39 гол жіберіп алды. Әйтсе де, әдемі сейфтерімен көпшіліктің көңілінде қалды.

Саматтан бөлек, Марат Ситдиковты ерекше айтып өткім келеді. 25-жастағы ресейлік футболшы өткен Қазақстан чемпионатында барлық 32 кездесуде 90 минуттан ойнап шыққан жалғыз футболшы.

Сонымен қатар, бұл жігіттердің қатарына Дидар Жалмұқанды, Куасси Куаджа, Бағдат Каиров пен Асланбек Кәкімовты қоса аламыз. Бұл футболшылар да биыл қолдарынан келгенше командасына көмектесті.

Бір әттеген-ай Абат Айымбетовтың жарақат алып қалғаны болды. Әйтпесе, 21-жастағы шабуылшы да командаға көмектесетініне еш күмәніміз жоқ еді.

Жалақыға байланысты шыққан жанжал

«Ақтөбе» сапында биыл жанжал көп болды. Оның бірнешеуін сіздерге жоғарыда айтып та өттік. Команда сапындағы биыл елді елең еткізген жанжалдардың бірі жалақыға байланысты болды. Қазанның соңында Васильев бұрын-соңды қазақ футолында болмаған жағдайды жасады. Ол ресми түрде, ашықтан-ашық футболшылардың жалақысын жұртқа жария етті. Бұған наразылық білдіргендер де көп болды. Алдымен халық, одан соң футболшылар. Маусым басында команда капитаны болған Самат Смакков Дмитрий Пантелеевичтің өз жалақсын көрсетуді ұмытқанын айтып, сотқа беруі мүмкін екенін хабарлады. Бірақ, Саматтың сотынан бұрын, директор қаржы полициясының сотына ілігіп кетті.  

Сандар сөйлейді

Қызыл қағаз - Б.Каиров, Е.Сорокин.

Сары қағаз - 8 - К.Куаджа, Б.Каиров, 6 - Е.Сорокин, 5 - В.Крюков, 4 - Т.Жаңғылышбай, С.Цвейба, А.Кәкімов, 3 - Д.Жалмұкан, М.Ситдиков, К.Шестаков, 2 - М.Тлешев, Е.Азовский, Н.Бочаров, 1 - С.Смаков, М.Петролай, И.Михалёв, А.Тотай, В.Митошевич, А.Әбдукаримов, Б.Давлатов, С.Отарбаев, Н.Николич.

«Ақтөбе» сапында ойнаған футболшылар мен олардың көрсеткіштері - М.Ситдиков - 32, Н.Бочаров - 31 (7), Е.Сорокин - 29 (1), К.Куаджа - 29, Д.Жалмұкан - 28 (6/2), С.Цвейба - 28 (1), С.Отарбаев - 28 (-39/5), К.Шестаков - 27 (1), В.Крюков - 25 (1), А.Кәкімов - 21 (3), Б.Каиров - 21, Е.Азовский - 17, Б.Давлатов - 13 (1), В.Митошевич - 13, С.Смаков - 12 (5/4), Т.Жаңғылышбай - 12 (2), М.Петролай - 12, И.Бойчук - 9, А.Щёткин - 8 (6), И.Михалёв - 8, М.Тлешев - 6, Л.Дао - 5 (1), А.Әбдукаримов - 5, Н.Николич - 5, С.Павлов - 4 (-10/1), С.Жұмағали - 3, А.Тотай - 3, Д.Голубов - 2 (1), И.Трофимец - 2 (-3/1), А.Айымбетов - 2, Н.Жұмашев - 2, С.Лисенков - 1, А.Скворцов - 1.

-

Келер маусымнан үміт көп

«Ақтөбе» үшін былтырғы маусым сәтсіз болды. Енді көпшіліктің келер маусымнан күтері көп. Тағы да жаңа команда құрылады. Қазірдің өзінде командадан бірнеше адам кетті. Олар: Ю.Уткульбаев, Д.Васильев. Одан бөлек, бірнеше футболшылардың келісім-шарттары аяқталған. Ал, директор болып Мақсат Түймалиев тағайындалды. Өткен жылдан қалған былықты осы азамат шешу керек. Келер жылға команданы да осы азамат жасақтайтын секілді. Жақында бас бапкер болып украиналық маман Игорь Рахаев тағайындалды. 

Айтпақшы, жақында «Ақтөбе» сапынан тағы бір жаңалық келіп түсті. Тағы да жанжалды. Ақтөбе облысының спорт басқармасының бастығы Іскендірбек Маханов ұсталыпты. Демек, енді тек клубта ғана емес, бүкіл облыс спортында өзгеріс болады деген сөз.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх