Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
599
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2506
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
674
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
674
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
458
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Аты озған аттастар

08 янв. 2017, 22:40 | 2101
Аталастардың футболдағы әулетін түгел жинағандай болдық. Ендігі кезек аттастарда. Фамилиясы бір болғанымен, бірі футболда, бірі өзге спортта жүргендер қаншама. Ендеше біздің футболшыларымыздың ел спортында қанша аттасы бар екенін бір шолып шықсақ.

Бақтияр Байсеитов - Бақтияр Байсеитов

Бұл енді айна қатесіз келген ұқсастық. Аттары да, тегі де бірдей. Алғашқысы «Ордабасының» бас бапкері Бақтияр Даниярұлы Байсеитов. Ал, екіншісі грек-рим күресінен Әлем чемпионы Бақтияр Бағашарұлы Байсеитов. Екеуінің де аттары шыққан кез 90-шы жылдардың бел ортасы. Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін Бақтияр Даниярұлы бапкерлік тізгінді ұстады. Біршама жетістікке жетті. Балуан Бақтияр Бағашарұлы Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы атанды. Қазір екеуі де бапкерлік қызметте.  

Ерлан Елеусінов – Данияр Елеусінов

Ерлан Елеусінов осы күндері «Тараз» футбол клубының спорттық директоры. Кезінде аталған команданы алға сүйреген. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында талай жемісті жылдар өткізді. Қазір футбол саласында жүр. Ал, оның тектесі Данияр болса бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы. Әлі де алар асуы көп, болашағынан зор үміт күттіретін боксшы. Ерлан Жамбыл жерінің таланты болса, Данияр Батыс Қазақстан облысының тумасы.

Азамат Ниязымбетов – Болат Ниязымбетов – Әділбек Ниязымбетов

Қазақ спортында Ниязымбетов деген фамилия өте көп ұшырасады екен. Олардың танымалдарының өзі үшеу. Алғашқысынан бастасақ. Азамат Ниязымбетов қазір «Тараз» командасының аға бапкері. Мазбаев – Ниязымбетов жұбы алаңға шыққанда Қазақстанда қорғаушы біткеннің тізесі дірілдейтін. Ел чемпионатын жеңгенімен қоймай Азамат Қазақстан құрамасының да орталық алаңдағы футболшысы болды. Ал, енді оның ағасы Болат Ниязымбетов боксшы. Тіпті, 1996-жылғы Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері. Қазір ол жаттықтырушы қызметінде жүр. Ал, үшінші Ниязымбетов ол – Әділбек. Ақтаулық боксшы, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері. 

Юрий Новиков – Павел Новиков

Қақпашы Юрий Новиковты танымайтын футбол жанкүйері кемде-кем. Құрамамыздың ең сенімді қақпашысына айналған Юрий қазір "Ордабасы" клубында қақпашыларға жауап береді. Оның кезінде Ирак құрамасының орындауындағы пенальтиді тосқандарын көрген фанаттар кейінде Еуропаға өткен кезде де мықтылығына шүбә келтірмеді. Ал, Павел Новиковтың да ел спортына үлесі зор. Әскери клуб ЦСКА-ны көп жылдар бойы басқарған тұлға осы күні де біршама жарыстардың демеушісі. Теннис, футбол секілді спорттарға үнемі арақатынас жасайды. Мысалы, бұл кісі кезінде "Қайрат-ЦСКА" командасының басшысы болғанын да айта кетейік. Сонымен қатар, кезінде теннис қауымдастығының президенті болды. 

Данияр Мұқанов – Әміржан Мұқанов

Данияр Мұқанов қапталдағы қорғаушы еді. "Тобыл" сапында бұл футболшы Интертото кубогының иегері атанды. Қазақстан құрамасының намысын абыроймен қорғады. Ал, Әміржан Мұқанов болса кіші футбол саласында қызмет етті. "Қайрат", "Тұлпар" секілді ұжымдарды баптаған маман осы күндері Қырғызстан футзалын дамытуға ат салысып жүр.

Қайрат Әшірбеков – Сабина Әшірбекова

Қайрат Әшірбеков Шымкент футболының түлегі. "Ордабасы" командасының бойтұмарына айналып кеткен аяқдопшы. Алайда, Қайрат Қазақстанның екі дүркін чемпионы деген атақты "Ақтөбе" сапында жүргенде жеңді. "Ордабасымен" тек Қазақстан Кубогын ғана ұтты. Сол шымқаланың тағы бір тумасы Сәбина Әшірбекова Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы. Әлия Юсупованың шәкірті Рио төрінде үздіктер қатарына ене алмаса да, жастайынан жақсы көрсеткіштер тіркеді. Азия ойындарының жеңімпазы деген атағы бар. Әлі де талай жеңіс тұғырына көтерілер деген үміт бар.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх