Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
857
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2784
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
921
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
837
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
612
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

"Гранаткин Мемориалы". Қазақстан топта 1-орын алды!

13 янв. 2017, 18:40 | 3628
«Гранаткин Мемориалы» турнирінің топтық кезеңі аяқталды. Қазақстан U19 құрамасы соңғы ойында Литва жастарын жеңді. Жігіттер сөздерінде тұрып, соңғы ойынды жеңіп шықты. Қазақстан құрамасы тарихында тұңғыш рет топтан шықты. Жәй ғана шығып қоймай - бірінші орынмен шықты. Енді бізге, топтағы Әзірбайжан мен Словакия арасындағы соңғы ойын мүлде маңызды емес.

Матч басталысымен Қазақстандық футболшылар бірден шабуылға лап қойды. Еркебұлан Сейдахмет айып алаңында екі қорғаушыны алдап, әріптесіне пас берді. Алайда, қақпаға бағытталған соққы сәл ғана қиыс кетті. Одан кейін толассыз бұрыштамалар мен стандарттық жағдайлар орындадық. Негізі бұл матч алдында Литва құрамасы топта бірінші орын алып тұрған, фаворит команда еді. Алайда, букмекерлік кеңселердің өзі матч фавориті деп Қазақстан жастарын санады. Олардың жеңісіне 2,3 коэффициенті беріліп тұрды. Алайда алғашқы кезеңде есеп ашылмады.

Екінші таймның басын қазақ футболшылары айна-қатесіз ұқсас бастады. Бірінші таймдағыдан да көбірек допқа иелік етті. Ал, литвалықтар тек қарымта шабуылдарға ғана иек артты. Оң қаптал арқылы шабуылдаған Мұхит Жақсылық айып алаңына өте қатты жылдамдықпен пас асырды. Жербауырлай келген допты Литва қақпашысы Пьюис Петкявичус тоса алмады. Алдына шығарып алған добы тура Жанәлі Пайруздың аяғына келе қалды. Жартылай қорғаушы еш ойланбастан допты қақпаға дарытты. Есеп 1:0. Артынша Литва бапкері бірнеше ойыншыны алаңға шығарды. Тың футболшылар көбірек шабуылдап, біздің қақпаның алдынан шықпай қойды. Арт-артынан бұрыштамалар жасай берді. Тіпті, таразы басын теңестіріп те кете жаздады. Бірде қақпашымыз, бірде қорғаушымыз қауіпті сейілтті.

Арасында отандастарымыз комбинациялық шабуылдар жасап, айып алаңына сытылып еніп жатты. Бір байқағанымыз, өткен жолы пенальти алған аяқдопшыларымыз бұл жолы да айып алаңында көп құлай берді. «Жыламаған балаға емшек жоқ демекші» 11-метрлікті жерлестеріміз барынша сұрады. Кездесудің 72-ші минутында кездесу тағдыры шешілгендей болды. Әріптесінен сол қаптал жақтан пас алған Еркебұлан Сейдахмет ортаға қарай ойысып барып, алыстан соққы жасады. Айып алаңына енбестен шірене тартқан шабуылшымыз тоғыздықты дәл көздепті. Есеп 2:0. Бұл гол турнирдегі ең әдемі голдың бірі болғандай. Араға 5 минут салып алаңға алмасып енген Лев Скворцов та баспен тамаша соққы бағыттады. Есеп 3:0 болудың аз-ақ алдында болды. Шабуылшымыз допты сәл биік бағыттапты. 85-ші минутта балтық жағалауынан келген қарсылас ең болмағанда бір гол соғуды ойлады. Алыстан бағыттаған жойқын соққы дәл төменгі бұрышқа бара жатқан, алайда қақпашымыз бұрыштамаға қайтарды.

Ойынға қосылған 2 минут ішінде жерлестеріміз тағы да желпінді. Оң қапталдағы белсендіміз Мұхит Жақсылық бір ойыншыны алдап, қақпашыға қарай әдемі өтіп бара жатты. Алайда, қорғаушы қолмен тартып құлатты. Ойын бойы сұраған пенальтиімізді төреші беріп тынды. Дегенмен, берілген мүмкіндікті капитан Дінмұхамед Қашкен голға айналдыра алмады. Қақпашы доптың жолын дәл тапты. 

Қазақстан құрамасы сапынан «Үздік ойыншы» атағын – Дінмұхамед Қашкен алды. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх