Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 14:53
103
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
768
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
415
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
373
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
374
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:

Бағдадқа барғанда...

17 янв. 2017, 04:00 | 3221
Үйде сақталған жәдігерлердің арасында Ирак футболының ескерткіші секілденген медаль бар. Сырты былғарымен тысталған, қорабы бар. Салмағы ауыр. Сыртында Саддам Хусейннің бейнесі тұр.

Тапсырған сол Саддамға жақын жандардың бірі. 2001 жылы Бағдад сапарында алыппыз. Ол кезде журналистиканың бағы басым ба, әлде футбол тізгінін ұстағандар сондай саналы ма, ұлттық делегация құрамына тілшілерді де қосатын. Және жүнін жұлған тауықтай етіп, жүдетіп апармайды. Топқа ілескеннен кейін белді мен беделділердің қасында жүресің. Қабылдауларына дейін барасың, әйтпесе, әлгі медаль қайдан келеді.

Қазақ спортының өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Аманша аға Ақпаевтың баласы Тілек елдегі футбол қауымдастығында бас хатшы. Қазақ елінің тобын бастап барған Тілек Аманшаұлы. Барғанда да, Әлем біріншілігінің іріктеу матчына жол тарттық. Сол жолғы іріктеудің тәртібіне сай, Ирак, Непал және Макаомен бір топта ойнайтын болғанбыз. Алтыншы топтағы қарсыластар екі айналымнан тұратын турнирде бақ сынайды. Алдымен, Бағдад қабылдайды. Ол ойындар Көкек айының 12-16-шы жұлдызы аралығына белгіленген. Сәуірдің аяғында Алматыда іріктеу жарыстарын жалғастырамыз. Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері – Вахид Масудов. Өзі футбол ойнауды жақын маңда аяқтаған. Шеберлер командасында. Енді бапкер. Бапкер болғанда да, білікті маман. Футболы керемет еді ғой. 

Иракқа сәтімен қондық. Сәтімен дейтініміз, саяси жағдайлар ушығып тұрған кез. АҚШ Саддамға көз алартады, Ирак Американы ата жауы санап тұрды. Тұрды деп нық сөйлейтін жөніміз бар. Бірде біздің делегацияны Ирак футболының басшылары кешкі асқа шақырды. Телемұнараның ең биігінде орналасқан мейрамханаға. Лифт күтіп тұр едік. Жер бауырлаған сарбазға көзіміз түсті. Бұрап-бұрап қоя берсе, жан-жағына ызғар шашып, оқ жаудыра жаздайды. Қызық көрдік. Қазір ғой, Қытай базарларында қаптап тұр. Ол кезде таңсық дүние секілденген. Бағасын сұрадық. Айтты. Шошып кеттік, шоршып та түстік. Сатушы біздің қимылды өзінше бағамдап, қасында жатқан қаруын жұлып алды. Автоматының құлағын қайырып, аттандап берсін. «Ноу американ солдат. Ирак солдат». Аузынан көбік кете бастады. Қасында тұрғандар қолына жармасып, ұстап тұрды. Бізді ертіп жүрген ресми өкілдер араласты. Сұрайды, не болды деп. Бағасына бас шайқап едік, ол өзгеше қабылдаған. Бары сол. Енді әлгі ресми өкілдер бас шайқады. «Байқаңдар», - деді, «байқаңыздаршы, қазір жағдай ушығып тұр. Мынау бәріңді атып тастай салады. Оған ешкім қой демейді. Америка деген ауыздан шықпасын, жүйкесі тозған ғой. Саудагері де, дүкеншісі де тасада қару ұстайды, қылығың жақпаса жайрата салады, сот іздеп жүресің бе, керегі жоқ. Бұларды ашуландырмай-ақ қойыңыздар». Түсіндік. Күні бүгінге шейін есімізде, түк те айтпадық. Ана бір жер бауырлаған сарбазға 100 доллар сұрады. «Не деген қымбат ей», - дегенбіз. Шыны сол. Шамданатын не болды? Үстіге көтерілдік. Айналып тұрады екен. Биіктен Бағдадты тамашалап, сораптап шай ішесің. Қызығы ол емес, тартысқа толы матчтар еді ғой.

Негізгі қарсылас біреу еді. Ол – алаң иелері Ирак құрамасы. Бағдадта тең түсу мүмкін емес. Бірер доп ұтылсақ та олжа дегенбіз. Қаруын қоя салып жаттықса да футболшылары қарымды. Кез келген құраманың талқанын шығарады.  Мергені Хешам Мұхаммед. Ойыншы екен. Допты жетектегіні, пасты қабылдап алуы, шірене тартуы. Бүкіл қимыл-әрекеттері көңілден шығады. Жаттығуда көргеніміз. Қорғаушылар мықты. Ортада ойын жүргізетін екі-үш жігіт бар. Қысқасы, осал қарсылас емес еді. Непал мен Макаоның жөні бөлек, «ерінбегеннің бәрі ұтады», - деп келетін мәтел бар ма еді? Бұл жолы ерінбейтіндер Қазақстан мен Ирак болып тұр.

12-ші көкек күні Әлем чемпионатының іріктеу матчтары басталды. Екі иінінен дем алған «Аль-Шаабта» ине шаншар жер жоқ. Ресми санағандар 45 мың деп дерек таратты. Біздің көзқараста одан да көп-ау. Көрермен қара құрым. «Ерінбегеннің» дегенді енді «тірілтейік». Ирак Макаоның қақпасына сегіз гол соқты. Есеп 8:0. Әлгі Хешам бес допты өз есебіне жазды. Сабах Халаф екі гол, шабуылға дем беретін Ахмад Кадимнің де мергендік танытқанын көрдік. Олардан Қазақстан қалыса ма? Непал қақпасына алты гол соқты. Есеп 6:0. Олег Литвиненко екі доп, Рафаэль Оразбахтин, Евгений Лунев, Руслан Балтиев пен Асқат Қадырқұлов бір-бір голдан салды. Айтпақшы, әлгі көрермендер осы ойынды да тамашалады. Футболды сағынып қалған ба немесе негізгі қарсыластың аяқ алысын байқауды жөн көрді ме. Непал доп алса, мәз болады бәрі де. Қарасақ, Ирактан қалып қойған екенбіз. Олар екі доп ұзап шықты ғой. Бірінші турдан кейін топ тізгінін солар алды.

Ұлттық құрама жігіттері екі күннен кейін алаңға қайта шықты. Қазақстан Макаомен ойнады. Кездесу сәтімен басталған. Сосын шып-шып терлейік... Бағдадқа бейімделді ме, әлде футболдағы үйренгендерін еске түсірді ме Макао кәдімгідей қарсылық көрсетті. Тебеміз, мүлт кетеміз. Енді қарсыластардың қорғаушылары жақсы ойнады. Қысқасы, жотамыз әбден терледі. Мүмкін әлгі ойынның 11-ші минутында Игорь Авдеевтің гол соққаны кері әсерін тигізді ме? Тайм аяқталды. Есеп 1:0. Юнусұлының да өңі қашып отыр екен. Өзгелердің де жүйкесі жүндей түтілген. Алаңға қайта оралған бетте ойын жүре бастады. 57-ші минутта Олег Литвиненко есепті еселеді. Шамамен тағы он минуттан кейін Константин Горовенко мергендік танытты. Болды, сонымен тоқтадық. Сәлден кейін «Аль-Шааб» стадионына алаң иелері шықты. Ирак Непалмен кездескен. 6-шы минутта Абдулл-Вахап әл-Хайиль есеп ашты. Біз мақтаған  Хешам Мұхаммед 15-ші минутта көзге түсті. Тағы бес-алты минут өтті. Есеп 4:0. Сол кезде сәуле түскен секілді еді. Непал гол соқты. Бекер-ақ болған екен, көзді ашып-жұмғанша есеп 9:1-ге жетті. Ирак ұзап барады. Алда Бағдадтағы шешуші тур. «Аль-Шаабтағы» негізгі айқас басталады.

15-ші көкек әлемдік күнтізбеде нендей оқиғалармен есте қалды екен? Қазақстан құрамасының қақпашысы Юрий Новиков сол күнді ұмыта алмайтын шығар. Шұғыл түрде штаб шақырылды. Тілшінің беделі биік кез еді дедік қой. Біз де Тілек Аманшаұлының бөлмесіне қарай бет алдық. Сұлық отыр. Бірдеңе болғанын сеземіз. Сөз бастаған ешкім жоқ. Тыныштық орнай қалды. Жалпы осында келгелі оқыс қалжың, әзіл әңгімеге орын берілмеді. Оған бұл елдегі әскери ахуал себеп. Түн ортасында зеңбірек үнінен оянасың, автомат шақылдап жатады, арасында. Бәріміз келіскендей бөлмеден ытқып шығамыз. Дәлізде арнайы қызметттің өкілдері қалғып-шұлғып отырады. Бастарын көтерместен, сабырға шақырады. «Бәлендей ештеңе жоқ, бәленбай жыл бұрын дәл осы күні бір табысқа кенеліп ек, соны атап өтіп, оттан шашу шашқанымыз ғой деп қояды». Бала емеспіз. Бәрін түсінеміз. Бөлмемізге қайта кіреміз. Бұл жолғы отырыстың жөні бөлек. Тілек терең күрсінді. Тілдей қағазды Масудовқа ұстатты. Вахид Юнусұлы алған бетте орнынан атып тұрды. «Қашан?». «Бүгін. Енді не істейміз?». Юрий Новиковтың анасы дүние салыпты. Бала жүрегі сезеді ау, тегі. Таңертеңнен бері Юрий анасы туралы айтып жүрді. Қайта-қайта әңгімесіне негіз етіп. «Естірткен дұрыс». «Ертеңгі матч ше?». «Қосалқы қақпашының біріне сенім артамыз». Шешім солай болды.

Жалғасы бар..

                                                                            Амангелді СЕЙІТХАН

Арнайы "KazFootball.kz" сайты үшін

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх